Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет53/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

«Африка» 
поэмасы 
(1338-1342) көне Рим классикалық әдебиетінің ірі туындысы болған 
Вергилийдің «Энеида» поэмасының әсерінде туды. Аяқталмаған бұл 
шығармада ақын Римнің ұлттық батыры, Африканы бағындырған 
Сципионның жеңістерін суреттейді. Петрарка өз поэмасына сюжетті 
Рим тарихшысы Тит Ливийден алды. Цицеронның «Республика» 
еңбегінен Сципионның түсі туралы хикаяны пайдаланды. 
Ақынның дінге қарсы көзқарасы Италияның ұлттық тәуелсіздігін 
қорғау идеясымен араласып кетеді. Поэмада отансүйгіштік рухты 
бейнелейтін күшті лирикалық моменттер өте көп.
Петрарка Вергилийдің шопандық поэмасына еліктеп, латынша 
12 эклог (антик, соңынан Еуропа поэзиясында шопандық өмірді 
суреттейтін өлең) та жазады. Пастораль (қарапайым шопандық 
тұрмысты жырлайтын өлең түрі) формасындағы бұл өлеңдерге 
ақын жаңа мазмұн енгізді. Өлеңдердің кейбірінде Рим әміршілерін, 
папа билігін және оның кемшіліктерін қатты сынға алады. Басқа 
эклогтары ақынның жеке сезім-толғаныстарын бейнелейді. Лаура 
қабірі басындағы қайғыны суреттеген эклогтарын осыған жатқызуға 
болады.
Латын тілінде жазылған прозалық шығармалардың арасында 
«Атақты адамдар туралы», «Ұмытылмас нәрселер туралы» атты 
шығармаларының маңызы ерекше. Бірінші кітапта көне дүниенің 
атақты қолбасшылары Александр Македонский, Ганибал т.б. 
өмірбаяндары беріледі.
Шығарма көне Рим және оның қаһармандары туралы естеліктерді 
жаңғырту, осы арқылы адамдарда отансүйгіштік рухты ояту сияқты 
өзекті мәселелерді көтерді.
«Ұмытылмас нәрселер туралы кітабы» өзінен бұрын өмір сүрген 
авторлардан көшірілген үзінділер, мысалдар мен даналық сөздерден 
тұрады.
Философиялық трактаттары Петрарканың қоғамдық-саяси 


196
көзқарастарын айқын танытады. Өмір қуанышын, табиғат 
сұлулығын жырлау, өзге діндерге құрметпен қарау сияқты ойларды 
айтумен қатар ақын христиан дінінің шырмауынан да шыға алмайды, 
орта ғасырдың схоластикалық дүниетанымынан қол үзе қоймайды. 
Бұл жағдай ондағы қайғылы көңіл-күйді күшейте түседі. «Дүниеге 
ызамен қарау туралы» (1343) деген шығармасында Петрарканың өз 
дүниетанымы мен түсінігіндегі кемшіліктер байқалады. Шығарма 
Петрарка мен дінбасы Августин арасындағы диалог түрінде 
баяндалған. Августин – орта ғасырлық діни-аскетизмнің негізін 
салушылардың бірі. Ол да жас кезінде ғашықтықты өз басынан 
өткізген. Августин ақындағы әділдікке ұмтылу, шығармашылықпен 
айналысу, атақ-даңққа бөленіп, ғашықтық сезімге берілу сияқты 
қасиеттердің уақытша нәрсе екендігін айтып, оны мұндай 
сезімдерді жеңуге, тек қана «о дүниені» ойлауға үгіттейді. Петрарка 
Августинмен қызу тартысқа түседі. Ол махаббат пен атақ-
абыройдан бас тарта алмайтындығын, Лаураға деген махаббаты 
оның шабытын оятатынын, ол уақытша емес, мәңгілік жанға ғашық 
екендігін айтады. Августин Петрарканың Лаураға қатынасының 
өмірлік махаббат екендігін айтып, онда бұл туралы сенімді пайда 
етеді. Ақын оның пікіріне қосылуға дайын, бірақ ол бұл дүниенің 
істерін аяғына дейін жеткізуі керек. Бұдан біз жаңа өзгерістер болып 
жатқан сол дәуірдегі Петрарка көзқарасындағы қоғамдық-саяси 
кемшіліктерді көреміз. Дегенмен, ондағы гуманистік сана христиан 
аскетизмінің догмаларына толығымен бағынбайды. Адамның 
тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері, ақыл-санасы «о дүние» туралы 
қиял-түсініктерден жоғары тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет