198
тыңдайды, оны жұбатады, көздерінен аққан жасты орамалымен
сүртіп қояды. Данте сияқты Петрарка да өз сүйіктісін ұжмақта деп
көрсетеді. Лаураның өлімінен соң ақын жүрегінде туған сезімдер
арпалысы аяқталады. Сонда да, Петрарка Лаураны ұмыта алмайды.
Жинақ соңында ақын бибі Мәриямнан оның «күналарын» кешіруін
өтінуі мұның айқын дәлелі.
Петрарка лирикасының тарихи маңызы өте зор, өйткені, ол
Италия поэмасын мистика мен аллегоризмнен тазартты, «күна» деп
саналған махаббат пен тұрмыстық мәселелерді жырлауға жол ашты.
Петрарка поэтикалық формаға да ерекше назар аударып, оған
мазмұн еркіндігін енгізді. Данте болса форманы пікір білдірудің
құралы деп санаған болатын. Петрарка Еуропа поэзиясын жаңа
көркем образдармен, жаңа туындылармен байытты, әсіресе, сонет
жанрын одан әрі дамытты. Тек махаббат лирикасын ғана емес,
сонымен бірге жинағына енген жауынгерлік рухпен суарылған саяси
жырлары да мемлекет бірлігін қалыптастыру үшін күрескендердің
қолындағы күшті қару ретінде қызмет атқарды.
Достарыңызбен бөлісу: