Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет59/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

Мартин Лютер
(1483-1556)
Германиядағы Реформация әрекеті Лютердің папа билігі 
көлеңкесінде болып жатқан бұзықтықтарға қарсы шығуынан 
басталады. Лютер әлі Рим - католик шіркеуінің негіздеріне тіл 
тигізбегенімен, оның бұл әрекетін халық азаттық күреске шақырған 
үндеу ретінде қабылдады. Әртүрлі мақсатты көздеген түрлі 
әлеуметтік топтар уақытша болса да бірігіп қимылдады.
Мартин Лютер қарапайым шаруа отбасында туған. Ол 
Эрфурт университетінде жұмыс істеп, кейіннен Виттенбургте дін 
факультетінің профессоры болады. 1510 жылы Римге барған Лютер 
папа өкіметінің орталығы саналатын қалада діни адамдардың 
бұзақылықтарын көріп, осы кезге дейінгі күдіктерінің ақиқат 
екендігіне көзі жетеді. Осы уақытта монах Тепел ешқандай 
тартынбастан папа индульгенциясын аңқау халыққа сатып 
жатқан болатын. 1517 жылы Лютер Виттенбург шіркеуінің 


209
қабырғаларына католик шіркеуінің алаяқтарын әшкерелейтін 
өзінің жазған 95 тезисін іліп қояды. Екі арадағы тартыс тереңдей 
түседі. Лютер алғашқы христиан ілімін бұрмалаушы папа өкіметін 
мойындамайды, шіркеуге реформа жасау керектігін айтады. 1520 
жылы оның реформа туралы пікірлерін «еретик ілім» деп қаралаған 
папа жарлығын Лютер халық алдына шығып, жыртып тастайды. 
Осыдан соң неміс тілінде «Неміс ұлтының христиан дворяндарына» 
деген үндеуін жазады. Лютер бұл үндеуінде Германияны папа 
озбырлығынан азат етуге және шіркеуді қайта құру үшін күресуге 
шақырады. Бірақ император оны қолдамайды. Мұнан кейін 
императорға қарсы шыққан князьдер тобының басшысы Фридрих 
Лютерді өз қамқорлығына алып, баспана береді. Тюрингияда жасап 
жатқан Лютер халыққа түсініктірек болсын деп «Тауратты» неміс 
тіліне тәржімалауға кіріседі.
Алғашқы кездері Лютердің католик шіркеуіне қарсы 
шығуы белсенді болды. Ол халыққа отаншылдық рухты оятатын 
және күреске үндейтін жалынды сөздер айтады. Шегінен шығып, 
құтырған Рим папасының іс-әрекетіне сөзбен емес, қолға қару алып 
қарсы шығуға шақырады. «Егер ұрыларды қылышпен, қанішерді 
дар ағашымен, алаяқтарды отқа өртеп жазалайтын болсақ, 
мұндай апаттарға әкеліп отырған зиянкес «ұстаздарға», папаға, 
кардиналдарға, епископтарға және басқа да Рим тәртіпсіздіктерін 
тарататын топтардың барлығына тезірек шабуыл жасап, қолымызды 
олардың қанымен жуып тастауымыз керек!» дейді.
Бұл көтерілісті әрбір әлеуметтік топ өз мүддесіне пайдаланып 
қалуға ұмтылды. Кедей халық өз озбырларынан кек қайтаратын 
уақыт туды деп түсінді. Басқалар болса Рим папасына тәуелділіктен 
құтылу және шіркеу жер мүлкін бөлісу арқылы баю мақсатын 
ойлайды. Бірақ Реформация әрекеті мен халық күресінің күшейіп 
бара жатқандығынан қауіптенген Лютер өзінің алғашқы ойынан 
қайтып, бюргер-дворяндар тобына қосылып кетеді, «бейбіт даму 
жолын» уағыздай бастайды. Гуттеннің көтерілісшілер орталығы 
Эренбургқа шақырып жазған хатына Лютер: «Мен Таураттың 
зорлық пен қантөгіс арқылы насихатталуын қаламас едім» деп жауап 
қайтарып, жауласқандарды бітімге шақырады. Шаруалар көтерілісі 
өрши бастаған кезде билеуші топтар арасындағы өзара жанжалдар 
саябырлайды. Төңкеріс алдында барлық ескі өшпенділіктер 
ұмытылған еді; шаруалар алдында Рим пысықтары моп-момын, 


210
құдайдың бейкүнә пенделері бола қалды, бюргерлер мен князьдер, 
дворяндар мен поптар, Лютер мен папа «шаруалардың қанішер, 
басқыншы қарақшыларына қарсы» бірікті. Лютер князьдер тобына 
өтіп кетті. 1524 жылғы көтеріліс 1925 жылғы Ұлы шаруалар 
соғысына айналған тұста Лютер өзгереді. Алдын көтерілісті 
мақұлдайды, бірақ әрекет төңкеріске ауысқан кезде ол шаруалар 
мүддесіне қиянат жасайды. Лютер ашықтан-ашық көтерілісшілерді 
жазалауға үндейді, «құтырған итті қайтіп өлтіретін болса, оларды 
да осылайша буындырып, шауып, түйреп өлтіру керек» дейді. 
Оның жаңадан тәржімалаған, феодалдық қанауға қарсы шығуға 
түрткі болған «Таураты» енді шаруаларды тағы да помещиктер мен 
князьдерге тәуелді етіп қоюға қызмет етуі тиіс болды. Бұл Лютердің 
тек шаруалар көтерілісінен ғана емес, діни және феодалдық өкіметке 
қарсы пікірлерінен де бас тартуы еді, сөйтіп, Лютер тек халық 
мүддесін емес, сонымен бірге бюргерлер мүддесін де князьдерге 
сатып жіберді. Бірақ, Лютердің Рим папасы мен католик шіркеуіне 
қарсы күресі маңызды оқиға болатын.
Лютер неміс ұлттық тіл нормаларын қалыптастырды, 
«Тауратты» осы кезде көпшілік қолданатын жалпы неміс (Саксония 
канцелариясы) тілі грамматикасына негіздеп аударма жасады. Ол 
неміс тілін латын тіліне бой алдырған ғалымдардан емес, ал «үйдегі 
аналардан, көшедегі балалардан, базардағы қарапайым халықтан» 
үйренуге шақырды.
Лютердің «Тауратты» сәтті тәржімалауы XVI ғасырда 
Германияның мәдени тұтастығын іске асыруда аса маңызды 
рөл атқарды. Ол гуманистік және заманагөй мәдениеттен сырт 
қалғанымен, оның қалыптасып, нығаюында белгілі дәрежеде үлес 
қосты. Лютер тек шіркеуді ғана емес, сонымен қатар неміс тілін және 
«Авдий ат қорасын да тазалады», қазіргі заман неміс прозасының 
негізін салды, жігерлі рухпен суарылған 46-аяттың мәтіні мен әнін 
жазды, бұл аят ХVІ ғасырдың «Марсельезасы» қызметін атқарды.
М. Лютер өз прозасын жанды бейнелермен, образдармен 
байытты. Шешендік сөздері және жауынгерлік рухта жазылған 
памфлеттерімен Рим папасының озбырлығына батыл шабуыл 
жасады.
Лютер діни-саяси памфлеттерден басқа, діни өлеңдердің де 
авторы ретінде халық арасында кең танымал болды. Ол «Інжілге» 
енген көне діни аяттарды қайта өңдеді, неміс халық өлендерінен 


211
үлгі ала отырып, олардың ырғақ және композиция элементтерінен 
пайдаланды. Халық өлеңдеріне тән қарапайымдылық Лютер 
өлеңдерінің құрамында мол кездеседі. Өлеңдерінде ақын 
достарының жасаған ерліктеріне сүйсінеді, папа зұлымдығына 
қарсы ыза-кекті оятады, әсіресе күреске үндеген аяты Реформация 
дәуірінің жауынгерлік әнұранына айналады.
Шаруалар көтерілісі жеңілген соң неміс гуманизмінің тағдыры 
қауіп астында қалады. Адамның рухани еркіндігі туралы пікірлерінен 
бас тартқан Лютер енді жаңа протестанттық қағидаларды қорғай 
бастайды. Төңкеріске қарсы күштер күшейген кезеңде көптеген 
адам қуғындалады. Дұшпандар жағына өтіп кеткен кейбір тұлғалар 
гуманизмді Лютердің діни іліміне бағындыруға ұмтылады. Бірақ 
осындай ауыр күндердің өзінде де феодалдық зұлмат пен діни 
озбырлыққа қарсы күрес жолынан айнымаған қайсар жандар болды. 
Олар - ақын Петр Лотинхий Секунд (1528-1560), ғалым Себастьян 
Франк (1499-1543), драматург Филипп Никодим Фришлин (1547- 
1590) еді.
XV ғасырдың аяғына қарай еңбекші халықтың азаттық 
күресі өршіп, шаруалар бірлестігінің ықпалы арта бастады. Шет 
өлкелердегі шаруалар қозғалысы көбейе түседі.
XVI ғасырдың 10-20 жылдарында мемлекетте әбден күшейген 
көтерілістерді бейнелейтін өлеңдер, прозалық кітаптар туады. 
Оларда қарақшы-серілерге және зұлымдық ордасы болған осы 
дәуірдегі қоғамдық құрылысқа қарсы халық наразылығы суреттелді. 
Бұл өлеңдер мен жауынгерлік жырлар үлкен көтеріліс қарсаңындағы 
еңбекші халықты рухани жағынан дайындаған, шыңдаған озық 
әдебиет үлгілері болды.
Реформация алдында және Реформация жылдарында осы кездегі 
халықтың көңіл-күйін бейнелеген шығармалар өте көп жазылды.
Реформация басталған кезде бүкіл Германиядағы плебейлер мен 
шаруалар маңызды талаптар қояды, халық қарапайым қарулармен 
қатар жауынгерлік жырлар, үндеулер, қанатты сөздермен де 
қаруланып алған еді. «Біз ұзақ уақыт азап шектік, енді құс төсекте 
жатуымыз керек» деген сияқты билеушілерге қарсы бағытталған 
мысқыл сөздер жиі қолданылды.
Неміс халқының азаттық жолындағы әділетті соғыстары
талантты тұлғаларды өсіріп шығарды. Міне, осындай тұлғалардың 
бірі, халық қозғалысының жетекшісі, жігерлі күрескер Томас 


212
Мюнцер (1490-1525) болды. Ол «Өкімет қарапайым халықтың 
қолына берілуі тиіс» деді. Осы мақсаттағы күресті ол нағыз 
күрес деп таныды. Сондықтан да Мюнцердің феодалдық-шіркеу 
зұлымдылығына қарсы айтылған ой-пікірлері Ұлы шаруалар 
соғысы дәуірінде үлкен даңққа бөленді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет