Оқулық Жоғары оқу орындарының 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


«Гаргантюа мен Пантагрюэль»



Pdf көрінісі
бет64/133
Дата17.10.2023
өлшемі2,71 Mb.
#117362
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133
Байланысты:
Koblanov-Shetel-ad-tar

«Гаргантюа мен Пантагрюэль»
Рабленің гуманистік қызметінің жарқын үлгісі, халықтың 
арман-тілегін терең бейнелеген шығармасы - «Гаргантюа мен 
Пантагрюэль» романы. Эпопеяның алғашқы кітабы 1533 жылы 
Алькофрибас Назьенің алғысөзімен «Алып Гаргантюаның ұлы, 
дипсодтар королі, таңғажайып Пантагрюэльдің басынан кешкен 
жантүршігерлік оқиғалары мен қаһармандықтары» деген атпен 
жарық көреді. Рабленің осы туындысы 1532 жылы Лионда шыққан 
«Даңқты және алып Гаргантюа жайындағы аса құнды хроникалар» 
кітабының әсерінде жазылған болатын. Халық туындысына жататын 
«Хроникалардағы» идея мен көркемдік әдіс, орта ғасырлардағы 
феодалдық заңдар мен серілік қаһармандықтарды масқаралауға 
ұмтылушылық ұлы жазушыны қатты қызықтырады.
«Хроникалар» атты осы кітаптың «екі жыл ішінде көп 
таралғандығы соншалық, тіпті, «Інжілдің» өзі де тоғыз жылда 
мұншалықты таралмаған еді» деп Рабле өз романының кіріспесінде 
айтқан болатын.
Әзіл, күлкі және нәзік астармен тұмшаланған шығарманың 
терең мазмұнын аңғару үшін жазушы оны аса ұқыптылықпен оқу 
керектігін ескертеді. «Кітабымды ашыңыз және онда баяндалған 
оқиғалар туралы жақсылап ойланыңыз. Сонда ғана түсінесіз…
шығарманы оқып болып, мұнда мағынасыз нәрселер баяндалған 
екен деп ойлауыңыз мүмкін, бірақ мүлде олай емес...сіз сене беріңіз, 
оны оқу арқылы батыр, дана боласыз, өйткені менің кітабымда 
мүлде басқаша рух пен жоғары ділді жандарға ғана түсінікті болатын 
танымды көресіз, бұл болса сізге біздің діннің, дәл сол сияқты 
саясатымыз бен тұрмысымыздың да өте қорқынышты құпияларын 
ашып береді».
Рабленің бұл романы орта ғасырлардағы тұрмысқа, заңдар мен 
танымдарға, схоластикалық ілімге қарсы ашық сатира ретінде туды. 
Онда қияли болса да болашақ өмір туралы халықтың арман-тілегі 
суреттелді.
«Гаргантюа мен Пантагрюэль» бес кітаптан тұрады. Оны 
жазуға жазушы өмірінің жиырма жылға жуық уақытын жұмсады. 


219
Эпопеяның «Пантагрюэльдің ерліктері туралы үшінші кітабы» 1546 
Парижде Франсуа Рабленнің атымен басылып шықты. 1552 жылы 
эпопеяның «Батыр Пантагрюэльдің ерліктері туралы төртінші 
кітабы» жарық көрді. Романның соңғы кітабынан үзінді («Дауыс 
аралы») жазушы қазасынан тоғыз жыл өткен соң, 1562 жылы пайда 
болды. 1564 жылы ғана «Батыр Пантагрюэльдің ерліктері туралы 
бесінші, соңғы кітап» жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   133




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет