110
Зерттеушілер әдетте жазушы өзінің шығармасында
жалпыхалықтық тілдің негізгі сөздік қорын, сөздік құрамын,
тілдегі мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, қанатты сөздерді
қаншалықты, қалай пайдаланды, оларды қаншалықты, қалай
байытты, оның сол байыту, ұстартуы қаншалықты заңды,
жарастықты, соны тексереді. Өйткені тіл – көркем шығарманың
негізгі элементтерінің бірі, жазушының негізгі құралы. Демек,
адам ойын, сезімін, әсерін, ісін, жазушы осы арқылы бейнелейді.
Мысалы, «Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып,
жол салып, тасты жарып» дегенде Абай «асау» сөзін Терек (өзен)
сөзімен тіркестіріп, өзеннің көркем бейнесін жасайды. Әдетте
«асау» сөзі
асау ат, асау бие сияқты құрамда кездесетін болса,
көркем әдебиетте «асау жел» (Иса), «асау қиял» (Жамбыл), «асау
жүрек» (Абай) тәрізді тіркестер кездеседі.
Осындай метафоралық тіркестерді, бейнелі еөз орамдарын,
троптарды XX ғасырдың басында Абай дәстүрін жалғастырған
ақын-жазушылардың шығармаларынан да жиі кездестіруге
болады.
Мәселен, Сұлтанмахмұт Торайғыров – өз шығармаларында
Абайды үлгі, өнеге тұтқан адам. Абайда бір сөздің алдына әр
түрлі эпитет қойып, құбылтып, әртүрлі мән беріп қолдану жиі
кездеседі
(ыстық жүрек, ит жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек,
жау жүрек, ет жүрек, асыл жүрек, керілген жүрек, ызалы
жүрек, ынталы жүрек, жас жүрек, ауру жүрек, қан жүрек,
жаралы жүрек, сорлы жүрек, жалын жүрек, үрпиген жүрек,
ғаділетті жүрек, ақ жүрек, - деп жиырма үш түрлі айтқан).
Бұл сияқты бір сөзге түрлі мән беріп көріктеулер
С.Торайғыров поэзиясында да аз ұшыраспайды. мысалы, ақын
«көңіл» сөзін мынадай тіркестерде қолданған:
«
Үмітті көңіл шегініп,
Жылады сорлы егіліп».
«
Емізікті ез көңіл,
Бірақ әлі сөнген жоқ»
«Оқыт бізді, әкетай!
Достарыңызбен бөлісу: