Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



бет47/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

қалыбын білуге (Айқап, 1913, 77-б.). Алайық: шаңырақ бар және
жібек матаның бір түріне "чай" деп айтылады...(Айқап, 1912, 
1). Менің ойым бұ-дүр, айтып қалайын... (Айқап, 1912, № 1). 
...расходы жоқтықтан "Айқап" журналы тоқтап қалса, 
қайтадан ортамыздан ер көңілді, арыстан жүректі данышпан 
ер шығып, журнал яки газетке басшы болмағы қиын-дүр 
(Айқап, 1911, № 1). Томнан жер алып, Семей хатында боламын 
деген, көпірсіз суға арба салғанмен бірдей, мұнан түк пайда
шықпайды, босқа арам тер болғаннан басқа (Қазақ, 1913, 34-
б.). Қазақ жерінде отырықшы норманы алу керек нағыз жері 
жақсы қазақтар я жерді арықпен суаратын қазақтар (Қазақ,
1913, 44-б.). 
Осындай құрмалас сөйлемдердегі бағыныңқының ба-
сыңқының алдында тұрмай, оның соңында келуі сөз қылып
отырған кезеңдегі мерзімді баспасөз беттерінде жиі кездеседі.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



125
Бұл сол кездегі жазба әдебиетке ауызекі сөйлеу тілінің тигізген


әсері екендігі сөзсіз.
ХХ ғасырдың басындағы мерзімді баспасөз беттерінде де
деп-ке аяқталатын сөйлемдерді кездестіруге болады.
Акад. І.Кеңесбаев бұл құбылысты ауыз әдебиет пен ауызекі
сөйлеу тілі ықпалымен байланыстырса, Р.Сыздықованың пікі-
рінше: "Сөйлемнің деп дәнекеріне аяқталуы Абай тұсындағы
күллі қазақ прозасы тіліне тән: бұл тәсіл көркем әдебиет стиліне
жататын Ыбырай әңгімелерінде де, қоғамдық публицистикаға да
жататын баспасөз тілінде де, қазақша қарасөзбен жазылған өзге
үлгілерде де (тіпті христиан дінін уағыздаған миссионерлік
әдебиетте де) - барлығында қолданылған
32
.
Мерзімді баспасөзден мысал келтірейік:
Отырықшы норма қазақ сонымен күн көреді деп көзі жет-
кендіктен шығарған норма емес, қазақтың жерін көбірек алу 
үшін шығарған һәм көбірек алғанда қазақтың ырзалығымен 
алдық деп көрсету ұшін шығарған норма деп /Қазақ, 1913, №19/. 
Сібірде, Степной облыстарда һәм Түркістанда мал бағамын 
десе, отыз алты жылға торгсыз арендаға мал бағатын жер 
берілсін деп /Қазақ, 1913, № 37/. Адам туған жеріне барып 
тұрып, жұртына қызмет істеймін десе, сонан соң кіріссін деп
/Айқап, 1914, №1/. Біз ойлаймыз, бұл жақыннан болжағандық деп
/Айқап, 1914, № 1/.
Бұл фактілерден деп-ке аяқталған сөйлем түрлерінің ХХ ға-
сырдың басындағы қазақ жазбаларына да тән нормативтік
құбылыс болғандығын көреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет