53
түрінде өмір сүргені көрінеді. Поэзияның өзі де бұл күндегідей әр
алуан салалы емес, көбінесе дидактикалық және әлеуметтік
мазмұны өлең, толғау түрінде сақталған.
Әдеби тілдік нұсқаның екінші түріне ауыз әдебиетінің мол
қорын да жатқызуға болады, Бірақ, өкінішке орай, олардың сол
тұста жазылып алынған варианттары болмағандықтан, пәлендей
эпостың немесе ертегінің я болмаса тұрмыс-салт лирикасының
ХVІІІ ғ. жырланған, айтылған түрі тілі жағынан мынадай болып
еді деп сипаттай алмаймыз. Осы күнгі өзіміз оқып біліп жүрген
эпостардың, халық өлеңдерінің, ертегілерінің т.б. фольклорлық
мұраларының көпшілігінің тілі дәл солардың туған кезіндегі
немесе тіпті ХVІІІ ғ. түрінде деуге болмайды. Негізгі желісі
сақталуы сөзсіз, сондықтан да оларда бірен-саран көне дәуірді
көрсететін
архаизмдер,
ескі
грамматикалық
тұлғалар,
синтаксистік тәсілдер ұшырасады, бірақ ең көлемді эпостық
жырлардың да, прозамен берілген ертегілердің де ауызша тарауы
нәтижесінде және жеткізушілердің өз тарапынан өзгерістер
енгізуінің салдарынан олардың тілі жазылып алынған (ХІХ–ХХ
ғ.ғ.) дәуірдің тілдік нормаларын негіз еткендігі көрінеді.
ХVІІІ ғ. тілді көрсететін нұсқалардың үшінші бір саласы –
ресми іс-қатынас қағаздары. Бұлар хан-сұлтандардың, кейінірек
келе старшиналардың орыс патшасына, орыс әкімшілік
орындарына
және
бір-біріне
жазысқан
арыз-өтініштері,
мәлімдемелері, хаттары, үндеулер т.т. Бұл жазбалардың құнды
бір ерекшелігі – хатқа (қағазға) түскендіктен, сол тұста қазақ
даласында болған тілдің бір көрінісін көрсететін материал болып
табылады. Төртінші – бұл дәуірде қазақ өлкесін орыс үкіметі
тарапынан танып-білу әрекеті қызу жүрді. Сондағы орыс
саясатшыларының,
ғалымдарының,
қызмет
бабындағы
чиновниктерінің
т.б.
орыс
тілінде
жазып
қалдырған
материалдары ішінде жекелеген қазақ сөздері (көбінесе атаулар)
кездеседі. Басылмағанмен қолжазба күйінде жинақталған
бірнеше орысша-қазақша сөздіктердің де болғаны мәлім. Міне,
бұлар да сөз етіп отырған дәуірдегі тіліміздің лексикалық
құрамын айқындауға аз да болса септігін тигізетін материалдар
болады.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ