69
жалғауы келеді: хан ясадылар, айталар, кеттілер, т.т. У
жұрнағының орнына
ғу формасы келеді:
дұсманлық, қылғушы,
иүргуші; етістіктің тілек, қалау, өтініш мағынасы –
ғай
тұлғасымен берілген:
иібіргәй едіңіз (жіберіңіз), инансқой ерді
(сеніселік), есімшенің
тұғын, тын тұлғалы түрінің орнына
тұрған сөзі келеді:
шабуыл қыла тұрған. Шылаулардың
қолданылуында біркелкілік жоқ, арабтың
уа, һәм шылаулары жиі
қолданылған, осы күнгі
мен шылауының орнына
бірде, бірлән,
бірде
иле, бірде
илән тұлғалары келеді:
шейін шылауының
орнына
ше (бұ уақытқа ше) қолданылады:
парсының би, на
префикстері жиірек кездеседі:
бихисаб, бинаһият, нәмәқұл т.б.
XVIII-XIX ғ. эпистолярлық материалдарының тілін қазақтың
жалпыхалықтық тілінен қашықтатып әкеткен жағдайлардың бірі
– олардың орфографиясы: бұларда шағатайша-татарша жазу
нормасы бойынша сөз басындағы
ж әріпінің орнына
и әрпі (
иоқ,
иазған, иыл т.т.) жазылды. Жалғау-жұрнақтар
қазақ тілінің
үндестік заңын сақтамай, тіркеліп жазылады
бізлер, сүйіклү,
иүзнің т.б. араб-парсы сөздері көбінесе
өз тілдеріндегі тұлғасы
бойынша жазылады:
ғарыз, һеш, хакім, фарзандлар т.б.
осылардың баршасы кеңсе-қатынас қағаздарының стилін ұзақ
уақыттар бойы дәстүрге айналдырып, оларды жазба тілдің өзгеше
сипатты түріне жатқызуға мәжбүр етті.
Бірнеше ғасырлар бойы түркі
тілдеріне тән болып
қалыптасқан ресми-эпистолярлық стиль, сөз жоқ, әдеби, оның
ішінде жазба әдеби тілдің бұтағы. Бірақ бұл XVIII ғасырдан көп
бұрын-ақ қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен көркем
әдебиет тілінен айтарлықтай алшақтап кеткен әдеби тіл болды.
Сөйтіп, біз талдап отырған дәуірде қазақ қоғамында екі әдеби тіл
өмір сүрді: бірі – қазақтың жалпыхалықтық
тілінің негізінде
пайда болған қазақтың ауызша әдеби тілі, екіншісі – жалғыз ғана
стильде жұмсалған көне (ескі) қазақ жазба әдеби тілі.
Бақылау сұрақтары:
1.ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдеби тілін сипаттайтын
нұсқаларды атаңыз.
2. ХҮІІІ ғ. қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктерді атаңыз.
3. ХҮІІІ ғасыр мен ХІХ ғасырдың
бірінші жартысындағы
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
70
эпистолярлық нұсқалардың тіл ерекшеліктерін атаңыз.
Реферат тақырыбы:
1.ХҮ-ХҮІІІ ғғ. қазақ әдеби тілінің лексика-грамматикалық
ерекшеліктері
2. Қадырғали Жалаиридің «Жамиғат-тауарих» шежіресінің қазақ
әдеби тіліне қатысы
Достарыңызбен бөлісу: