Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§4. XX ғасырдың басындағы көркем әдебиет стилінің



бет35/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

§4. XX ғасырдың басындағы көркем әдебиет стилінің 
жетіліп, жанрлық жағынан дамуы 

XX
ғасырдың екінші жартысындағы ақындардың


шығармаларын зерделеп қарағанда, Абайға дейінгілер, оның
тұстастары, өз заманының қайшылығы мен кемшілігін көре білді,
бұрынғы елдің елдігін сақтаған әкімшілік жүйе мен салт-дәстүр
шайқалып, халық бұрынғы жол-жоралғыны да дұрыс тұтына
алмай, капитализм әкелген «жаңалықтарды» да түсіне алмай басы
дал болған еді. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық
саясатының кең көлемде жүруімен, елдің өз тәуелсіздігінен
айрылуымен байланысты жүргізілгендіктен, Дулат, Шортанбай,
Мұрат тәрізді ақындардың халқы, ұлтының болашағы үшін қан
жұтуы да түсінікті, өз заманының қайшылығын көрсете отырып,
оның болашағы өздері шет-жағасын көрген өткен хандық
дәуірмен байланыстыруы да орынды еді.
Ал Ыбырай, Абай болса, өз дәуірінің жарамсыз жақтарын
көріп отырса да, болашақтан үміт күтіп, жалпы өркениетті елге
айналудың қажеттілігін түсініп, қоғамды кері емес, ілгері
сүйреуге ниет қылды. Бұл жолдағы олардың сүйенгені – оқу-
білім, халықтың көзін ашу, өнерлі елге айналдыру болды.
Халықтың көзі ашық, сауатты ұрпақтары көбейсе, қоғам
дамуына яғни өркениетті ел қатарына қосылуға талап қылар деп
болашақтан күдер үзбеді.
Қазақ әдебиетінде бұрын поэзия, дастан, поэма, өлең басым
болса, XX ғасырдың басында көркем проза дами бастады. Осы
кезеңде
прозалық
туындылар

публицистикалық,
философиялық, ғылыми шығармалар, шешендік сөздер,
новеллалар, әңгімелер, повестер, тіпті алғашқы роман да туып,
оның жанрлық түрлері, формалары, стилі қалыптасып, мазмұны
байыды.
Қазақ көркем прозасының басы – Ы.Алтынсарин әңгімелері
мен Абайдың қара сөздері екенін білеміз. Олар орыстың
классикалық әдебиетінен үлгі алып, орыстың ұлы ақын-
жазушыларының дәстүрлеріне сүйенді.
Прозалық шығармалар алғаш көрінгенге дейін көркем
әдебиет тілі поэзия негізінде қалыптаса бастады. Кейіннен проза
тілінде дами түскен көркем әдебиет тілінің біраз элементтері ең
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



100
әуелі әріде – ауыз әдебиеті үлгілерінде, беріде – алғашқы жазба


ақындар шығармашылығы да көрінді.
Кеңестік саясат үстемдік етіп тұрған кезеңде қазақ әдебиеті
тарихын зерттеушілер революцияға дейінгі ақын-жазушылар сөз
болғанда, оларды «таптық көзқараспен» деп екіге бөліп тастау
үрдісі орын алғаны белгілі. Оларды реакцияшыл (керітартпа)
дегенде айтар уәжіміз – «олар өз шығармаларында бұрынғы
хандық дәуірді аңсады, жаңа прогресті түсінбеді, дінді
уағыздады» деген сияқты айыптаулар болып келді. Ол ақындар
сол тұстағы орыс әкімшілігінің озбырлығын, қазақтың өз ішінен
шыққан болыс-билердің сатқындығын көрмей, сынамай тұра
алмады, олардан түңілгені де болды, халықтың сенімі – дінді аяқ
асты етуге төзе алмады. Бірақ дінбұзар молдасымақтарды,
надандықты сынап, оқу білімге, өнер үйренуге шақырғаны да рас.
Олардың мұрасы тілдік жағынан сөз болғанда да осы бөлуден әрі
аса алмай, «реакцияшыл» ақындардың шығармаларында
ортаазиялық түркі әдеби тілі әсері молынан кездеседі, сондықтан
оларды «кітапшыл» ақындар деп бөлек қарау орын алғаны
жасырын емес. Бұл арада олардың шығармаларының тілдік
ерекшелігін бөле-жара сөз етіуіміз де сол жағдаймен байланысты,
әйтпесе, ол ақын-жазушылар да өз шығармаларында туған
халқының басындағы ауыр халге жаны ауырып, оның
болашағына алаңдаушылық танытып, қайтсек соны дұрыс жолға
саламыз деп, дұрыс жол іздеу мәселесін көтерді. Сондықтан біз
де XX ғасыр басындағы көркем әдебиетті «Түркі әдеби тілі
дәстүрін сақтаған» және «Ыбырый, Абай дәстүрін дамытқан»
әдебиет деп екіге бөліп қарастырдық
28
.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет