141
техникалық әдебиеттердің аздығы үлкен кедергі келтірді. Бұл
кезеңде оқулықтар, негізінен, орыс тілінен аударылды, ол
аудармаларда көптеген кемшіліктер жіберіліп, оқушылардың
түсінуіне ауырлық келтірді. Дегенмен ғылыми стильдің дамуына
марксизм-ленинизм
классиктерінің
шығармалары
мен
оқулықтардың қазақ тілінде көп тиражбен басылып шығуының
едәуір маңызы болды.
Қазіргі тіліміздегі көптеген терминдер бірден осы күйінде
жасалынып, қолданыс тапқан жоқ. Алғашқы оқу-педагогикалық,
ғылыми-техникалық салалардың терминдері, негізінен, 20-
жылдары жасалына бастады. Термин жасауда нақты принциптер
болмағандықтан, әркім терминді өз бетінше жазды. Осы кездегі
термин жасаудағы негізгі көзделген мақсат олардың қалың
бұқараға түсінікті болуы еді.
Алайда,
20-жылдардың
басында
термин
жасау
ұстынымдарының ғылыми негізі сараланып, жүйелене қойған
жоқ еді. Бұған, әрине, білікті маман кадрлардың жоқтығы үлкен
кедергі болды.
Өз кезінде Ы.Алтынсарин қазақ тілінің грамматикалық
терминдерін жасауда ана тіліміздің бар мүмкіншілігін
пайдаланудың үлгісін көрсеткен еді. Ахмет Байтұрсынов қазақ
тіл білімінің қазақ тілінде өрбуіне, зерттелуіне, оның қазірде
қолданылып жүрген ғылыми терминдерінің қалыптасып дамуына
үлкен үлес қосты. Оның термин алуда ұстанған принципінің
дұрыстығына – ол жасаған терминдердің әлі күнге дейін тілімізде
қолданыс тауып жүргендігі дәлел
33
.
А.Байтұрсынов лингвистикалық терминдерді жасауда негізгі
екі принципті ұстанған, бірі – ана тіліміздің бар мүмкіндігін
барынша сарқа пайдалану, екіншісі – өзге тілдерден, әсіресе орыс
тілінен әдеби тілдің дамуына керекті, жаңа ұғымды белгілеу үшін
қажетті атау сөздерді алудан қашпау
34
.
Егер отызыншы жылдардың ортасына дейін термин сөздер
аударылып алынса, отызыншы жылдардың ортасынан бастап
советизмдер мен интернационалдық терминдер сол қалпында
аударылмай қабылданды.
33
Айтбайұлы Ө. Қазақ сөзі. Алматы: Рауан, 1997. -238 б.
34
Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. Алматы,1998.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
142
1920-30 жылдары ХІХ ғасырдың екінші жартысында
қалыптасқан көркем әдебиет, ғылыми-публицистикалық, ресми іс
қағаздар стильдері одан әрі жүйелініп дамыды.
20-жылдары қазақша ғылым тілінің дамып қалыптасуына
мерзімді баспасөздің, оқулықтар мен оқу құралдарының,
сөздіктердің тигізген әсері зор. Ғылымның әр түрлі саласына
жататын терминдер мерзімді баспасөз бетерінде жарияланып
тұруы арқасында бір жүйеге түсіп тұрақтала бастады. Мәселен,
қазақша ғылым тілін жасау мен қалыптастыру ісімен 20-жылдары
Қазақ АССР Оқу Комиссариаты, оның жанындағы Академиялық
Орталық (Акцентр) шұғылданды.
Әдеби тілдің публицистикалық, ғылыми-көпшілік стильдері
дамыған сайын терминдер тұрақталып орныға бастады. Сол
кезеңдегі терминология саласында істелінген жұмыстардың
қазіргі терминологияның қалыптасып дамуына алғышарт
болғандығы белгілі.
Көркем әдебиет стилі әрі қарай дамыды, әдебиетте бұрын
болмаған роман, повесть, драматургия, сын жанрлары пайда
болып, әдеби тілдің арнасын кеңейтті.
Осы жылдары баспасөз бетінде көбірек көрінген,
шығармалары жарияланып тұрған ақын-жазушылар: И.Байзақов,
А.Тоқмағамбетов,
С.Сейфуллин,
І.Жансүгіров,
Б.Майлин,
М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, С.Мұқанов, Ә.Тәжібаев т.б. болды.
Жиырмасыншы-отызыншы жылдары Пушкин, Л.Толстой,
Крылов, Гоголь, Горький тағы басқалардың шығармалары қазақ
тіліне аударылды.
Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарының тіліне тән құбылыс –
бір мағынаны, ұғымды атау үшін бірнеше синонимдердің,
вариант
сөздердің
қолданылуы
болды:
арыз-өтініш,
хабарладыру-құлақтандыру, жоспар-план, үзіліс –демалыс-
тыныс, құқ- құқық-қақы- право;
Достарыңызбен бөлісу: