Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


начальник сөзі бастық, әкім, ал чиновникті



бет53/81
Дата16.10.2023
өлшемі0,84 Mb.
#116260
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81
Байланысты:
Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері-emirsaba.org

начальник сөзі бастық, әкім, ал чиновникті - төре деп
қазақшалау орын алса, талдап отырған құжаттарда бұл сөздер
орысша қолданылған.

ТЕЛЕГРАММА 
Заречная Словодкадан Орынборға Кәдірбаевқа. Нөмірі 89. 
Алынды. 17. 07.
Екінші қазақ-қырғыз сиезінің қаулысы бойынша 11-24 июнь-
де - "Алаш Орда" Алаш қаласында іске кірісті. Сібір һәм 
Башқұртстан автономияларымен ынтымағы бір. 
Алаш Орданың облосной һәм уезный советтерін құруыңыз 
жөн. Олардың ағзасы азында үштен кем, көп болғанда бестен 
артық болмасын. Осыған ұқсас управалардың, ол жоқ жерде ко-
митеттердің көрсеткен ағзаларын "Алаш Орда" бекітеді. Бір 
ағза милиция (ел қорғаушылар) жұмысын басқарады. Екіншісі 
елден салық жияды. 
Жергілікті "Алаш Орда" советтері уақытша қазақ 
халқының саяси һәм мәдени істерін қарай тұрады. Бірақ олар 
земский һәм шаһар самоуправлениелерінің ісіне қол сұқпауы 
керек. 
Бұл телеграмма да аударма болғандықтан, орыс сөздері сол
қалпында аударылмай алынған (нөмір, совет, самоуправление
т.б.). Дегенмен кейбір ұғымдарды қазақ не араб-парсы
сөздерімен беруге тырысушылық байқалады (милиция - ел қорғау-
шы, солидарность - ынтымақ, не менее, чем... - азында ...кем, 
член - ағза, собирать налог - салық жинау, руководить - басқару, 
местный - жергілікті, временный - уақытша, политические и 
культурные дела - саяси һәм мәдени істер, не вмешиваться - қол 
сұқпау) 
Аударма іс қағаздары мен қазақ баспасөзіндегі жарияланған
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ



137
материалдарды салыстыра қарасақ, біріншісінде түркі әдеби тіл


дәстүрі көбірек сақталғанын, сөйлем құрылысында қазақ тілі
грамматикасының қалыпты жүйесі сақталмағанын аңғарамыз.
Дегенмен лексикасында шет ел сөздерін (араб-парсы, орыс) шама
келгенше қазақша аударып беруге тырысушылық байқалады. Ал
екіншісінде, керісінше, сөйлем құрылысы жатық болғанымен,
мекеме, лауазым аттарын аудармай орысша беру тәжірибесі орын
алған, дегенмен мұнда да орыс сөздерін қазақша беру
тенденциясы бар.

Бақылау сұрақтары:


1. Ұлттық жазба әдеби тілдің қалыптасуы мен сипатының басқа
кезеңнен ерекшелігі қандай?
2. Жазба әдеби тіл қалыптастырудағы Ы.Алтынсарин мен
Абайдың орнын түсіндіріңіз.
Реферет тақырыбы:
1. ХХ ғ. бас кезіндегі қазақ әдеби тілі
2. Қазақ әдеби тіліндегі кітаби тіл дәстүрі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет