Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері


§6. Ыбырай, Абай дәстүрін дамытқан әдебиет



Pdf көрінісі
бет39/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

§6. Ыбырай, Абай дәстүрін дамытқан әдебиет 
 
XX ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті 
тарихында Ыбырай, Абай қалаған дәстүрді жалғастырушы 
Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, С.Көбеев, А.Байтұрсынов, 
С.Дөнентаев, 
С.Сейфуллин, 
І.Жансүгіров, 
Б.Майлин 
М.Әуезовтердің т.б. ағартушы бағыттағы көптеген ірі ақын-
жазушыларымыздың алатын орны айрықша. 
1909 жылы қазақ даласын дүр сілкіндірген үш кітап шықты. 
Оның бірі –Абайдың өлеңдер жинағы, екіншісі - Ахмет 
Байтұрсыновтың «Қырық мысал», үшіншісі – «Оян, қазақ!» атты 
Міржақып Дулатовтың публицистикалық-лирикалық жинағы.
Қазақ халқының ояну кезеңі туралы кезінде Қошке 
Кемеңгеров: «1905 жылға дейін парсы, араб тұрмыстарынан 
алынған, шала тілмен жазылған қиссалар шығып, көбінде 
діншілдік рухы ұран болды. Қазақтың білім-өнерге шақырған, 
ескілікті мінеген әдебиеті 5-ші жылдан кейін туа бастады. 
Алғашқы кезде татар, исламдық әсері күшті болды. 
Міржақыптың «Оян, қазақ!»-та жол басы сайын қосқан арап 
сөздерін азсынып, орыс сөздерін қосуы жоғарыға дәлел. Жалғыз-
ақ Ахмет Байтұрсынов нағыз қазақ тілімен «Қырық мысалды» 
жазып шығарды. 
Қазақ елінің әр түрлі тұрмыстық жұмбақтарына кездесіп, даң 
болып тұрған кезінде «Қырық мысал» мен «Оян, қазақ!» дөп 
келіп, әлеумет жұмбақтарын шешкендіктен, елді оятқан үлкен 
күш болды. Тақпақты сүйетін қазақ бұл екі кітапты үлгі орнына 
ұстап, мысал орнына айтатын болды», - дейді. 
Қазақ поэзиясының тарихы өте әріден басталатындығы және 
оның дәстүрге бай екендігі көпшілікке мәлім, бірақ қазақ 
әдебиетінің халықаралық атағын роман шығарды. 
Сонымен, Қазан төңкерісіне дейін Ыбырай. мен Абайдың 
дәстүрлерін жалғастырушы демократшыл ақындар проза 
саласында күш сынап көрмек болып, сол кездегі қазақтың 
өмірінің материалдары негізінде роман жазуға кіріседі. Кейіннен, 
яғни 1912 жылы «Қыз көрелік», 1913 жылы «Қалың мал», 1914 
жылы «Қамар сұлу» романдары, 1915 жылы «Шұғаның белгісі» 
атты повесть жарыққа шықты. 
Әдебиет түрлері мен жанрларының өзгеріп өсуі, оның 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


107 
мазмұны мен идеясының жетілуі қоғам өзгерісіне тығыз 
байланысты. Өйткені әрбір қоғамдық формация көркемөнерге 
жаңа мазмұн мен идея ғана әкеліп қоймай, оған жаңа түр де 
беретіні белгілі. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқы 
өміріндегі 
ақын-жазушылар 
шығармаларында 
негізгі 
проблемасына айналды, олардың көп сөз еткен негізгі 
көкейтесті мәселесінің бірі болды. Бұл тақырыпта жазбаған 
жазушылар – жоқтың қасы. XX ғасырдың басында қазақ 
әдебиетінде қазақ әйелі жөнінде алты-жеті роман, повесть, поэма 
жазылды. Олардың көрнектілеріне Міржақып Дулатовтың 
«Бақытсыз Жамалы», Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», 
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы», Бейімбет 
Майлиннің «Шұғаның белгісі» т.б. жатады. Бұларда қазақ 
халқының ауыр тұрмысының ащы шындығы айқын суреттеледі. 
Роман – сан қырлы жанр. Оның қасиеттері қазақ романында 
біртіндеп көрінеді. Алғашында ол тұрмыстық роман жанры 
сипатында дүниеге келді. Кейін тарихи революциялық, роман-
эпопея, психологиялық жанр өресіне көтерілді. 
«Бақытсыз Жамалдың» жаңашылдығы – оның мұнан 
былайғы қазақ романынан тақырыбы мен проблематикасына 
бастама болуында ғана емес. Ол көркем прозаның тілі мен стилі 
қандай арнада даму керектігіне бағыт сілтеді. Роман жанрына 
көтеріңкі әуен, салтанатты сарыннан гөрі объективтілік, 
қоңыржай еркін әңгіме көбірек тән екенін көрсетті. 
Қазақ көркем прозасының басы – Ы.Алтынсарин әңгімелері 
мен Абайдың қара сөздері екенін білеміз. Олар орыстың 
классикалық әдебиетінен үлгі алып, орыстың ұлы ақын-
жазушыларының дәстүрлеріне сүйенеді. 
Крылов мысалдарын аударып, сол мысалдар тілімен 
ауылдың байларын, үстем тап өкілдерін, қоғамдық ортадағы 
ұнамсыздықты сынау Абай мен Ыбырайдан бастау алады. Абай 
мен Ыбырайдан басталған бұл дәстүрді XX ғасыр басында 
С.Көбеев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, С.Дөнентаев сияқты 
ақындардың әрі қарай дамытқаны белгілі. Бұлар мысал тілімен 
қоғамдағы шындықты, әділетсіздікті, замандастары бойындағы 
надандықты, тоғышарлықты, көрсеқызарлық пен өзімшілдікті 
тұспалдап сынаудың қолайлығын ұқты. 
Қазақ тіліндегі алғашқы көркем үлгілерінің бірі ретінде 1903 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


108 
жылы А.С.Пушкиннің қазақ тіліне аударылған «Капитан қызын» 
(аударған М.Бекимов) атауға болады. Кейіннен, шамамен 1908-
1909 жылдары Ш.Құдайбердиев А.С.Пушкиннің «Дубровский», 
«Боран» («Метел») атты повестерін өлеңмен аударған. Кіріспе 
өлеңінде Ш.Құдайбердиев А.С.Пушкиннен қалай аударғанын сөз 
етеді: 
«Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін, 
Қазақтың шағылдырар надан көзін, 
Ғылымнан көзілдірік кимеген ел 
Туралап көре алмас деп күннің көзін. 
Сүйтсе де кете қойман шетке басып, 
Айтармын алыстамай, шын жанасып. 
Әншейін ертек айтып отыр демей, 
Жүрекке тыңдағайсың ақылдасып. 
Сол 1909 жылы ел-жұрттың құлағын елең еткізіп, көкейіне 
қозғау салған, ой-санасына пәрменді ықпал еткен, зор әдеби 
жоралғы – Ахмет Байтұрсынұлының кітабы — «Қырық мысал» 
деген атпен Петерборда жарық көрді. Бұл кітапта Ахаң 
Крыловтың екі жүзге жуық мысал өлеңдерінің ішінен қазақ 
елінің ахуалына, қазақтың мінез-құлық психологиясына, 
дүниетаным, ойлау қабілетіне жақынырақ келеді-ау деген қырық 
мысалды таңдап алып, оны асқан шеберлікпен тәржімелеген әрі 
оны қайта жаңғыртып тың үлгіде қазақша жырлаған. 
«Қырық мысалға» дейін де Крылов мысалдарының Абай, 
Ыбырай 
аударған 
аудармалары 
болған. Ахаң Крылов 
мысалдарының құрылыс ерекшелігін сақтауға тырыспаған. Ой 
дәлдігін, мазмұн дәлдігін, кейде сөзбе-сөз дәлдікті ұстанған. 
Мәселен, Крыловта 12-13 жолдан тұратын мысал түрлері бар, ал 
қазақша ондай өлең өлшемі болмағандықтан, оны Ахаң он бір 
буынды төрт жолды өлең үлгісімен аударған. 
«Айқап» журналында, «Қазақ» газеті беттерінде роман 
жарысы туралы мақалалар жарияланып тұруы әдебиеттің бүл 
жанрының тез дамуына өз үлесін қосқаны сөзсіз. Мұндай жақсы 
романдарға бәйге жариялаған азаматтар қатарында А.Оразов, Е. 
Мамановтарды айрықша атап өту ләзім. 
Сонымен XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінде роман, 
мысал, лирикалық поэма, әдебиет сыны туындап, қалыптасуға 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


109 
бет алды, себебі «қазақ кеңес әдебиеті тақыр жерден өсіп шығып, 
гүл жарған құбылыс емес, керісінше құнарлы әдеби топырақтан 
нәр алған, соның бар жақсы қасиеттерін бойына дарыта 
дамытқан, сөйтіп соны сапаға ие болған жаңа әдебиет». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет