Оқулық жоғары оқу орындарының филология факультеттері



Pdf көрінісі
бет40/82
Дата05.11.2022
өлшемі3,57 Mb.
#47758
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82
Байланысты:
bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk

 
 
§7. Көркем әдебиет тілінің лексикалық құрамы 
 
Көркем шығармаға қойылатын шарттар мен талаптар өте 
көп, соның ең бастысы – тіл шеберлігі. Әрбір жазушының өзіндік 
ерекшелігі, кейіпкерлері мен образдары, тақырыбы мен идеясы – 
барлығы да оның тілі арқылы көрінеді. 
Кейінгі кезде жеке шығармалардың не бір автордың тілін 
таза әдеби тілдің даму заңдылықтары тұрғысынан да талдап, 
сондай-ақ оны эстетика тілі ретінде, жалпы образ жасаудың, 
көркемдіктің құралы ретінде де талдап жүр. Көркем әдебиет тілін 
образ жасаудың құралы тұрғысынан алып талдау лингвистикалық 
зерттеудің нысаны болып саналатыны мәлім. 
Көркем 
туындылардың 
лексикалық 
ерекшеліктерін 
зерттеушілер кез келген шығарманың мазмұны мен түрін бірдей 
қарастырып, жазушының халық тіліндегі өзінен бұрынғы сөз 
байлығын, сөз өрнегін қаншалықты, қалай пайдаланғанын, өзі 
халықтың тіл мәдениетін ілгері дамытуда не қосқанын 
айқындайды. 
Грамматикалық құбыластарды түгелдей әдеби тілге ғана тән 
деп қараймыз. Себебі көркем әдебиеттің стильдік ерекшеліктері 
жалпыхалықтық тілде кездесетін фактілердің барлығын да 
керегінше қолдана беруден бас тартпайды. 
Көркем шығармада қолданылмайтын сөздер мен сөз 
тіркестері, фразеологизмдер аз. Кез келген шығарма тек қана 
авторлық баяндаудан ғана емес, кейіпкер тілінен де тұрады. Ал 
кейіпкерлер әр жастағы, әр мамандықтағы білімдері де әр түрлі 
деңгейдегі адамдар болып келетіндігі белгілі. Сондықтан да әрбір 
нақтылы көркем шығармада кейіпкер сөзінің өзіне тән 
әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы болады. Кейіпкер тілінде 
кәсіби сөздер де, жергілікті тіл ерекшеліктері де, жаргондық 
сөздер де ұшырасып отырады. Көркем әдебиет стилінің екінші 
бір ерекшелігі – оның көп стильді болып келетіндігі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


110 
Зерттеушілер әдетте жазушы өзінің шығармасында 
жалпыхалықтық тілдің негізгі сөздік қорын, сөздік құрамын
тілдегі мақал-мәтелдерді, шешендік сөздерді, қанатты сөздерді 
қаншалықты, қалай пайдаланды, оларды қаншалықты, қалай 
байытты, оның сол байыту, ұстартуы қаншалықты заңды, 
жарастықты, соны тексереді. Өйткені тіл – көркем шығарманың 
негізгі элементтерінің бірі, жазушының негізгі құралы. Демек, 
адам ойын, сезімін, әсерін, ісін, жазушы осы арқылы бейнелейді. 
Мысалы, «Асау Терек долданып, буырқанып, Тауды бұзып, 
жол салып, тасты жарып» дегенде Абай «асау» сөзін Терек (өзен) 
сөзімен тіркестіріп, өзеннің көркем бейнесін жасайды. Әдетте 
«асау» сөзі асау ат, асау бие сияқты құрамда кездесетін болса, 
көркем әдебиетте «асау жел» (Иса), «асау қиял» (Жамбыл), «асау 
жүрек» (Абай) тәрізді тіркестер кездеседі. 
Осындай метафоралық тіркестерді, бейнелі еөз орамдарын, 
троптарды XX ғасырдың басында Абай дәстүрін жалғастырған 
ақын-жазушылардың шығармаларынан да жиі кездестіруге 
болады. 
Мәселен, Сұлтанмахмұт Торайғыров – өз шығармаларында 
Абайды үлгі, өнеге тұтқан адам. Абайда бір сөздің алдына әр 
түрлі эпитет қойып, құбылтып, әртүрлі мән беріп қолдану жиі 
кездеседі (ыстық жүрек, ит жүрек, мұз жүрек, жылы жүрек, 
жау жүрек, ет жүрек, асыл жүрек, керілген жүрек, ызалы 
жүрек, ынталы жүрек, жас жүрек, ауру жүрек, қан жүрек, 
жаралы жүрек, сорлы жүрек, жалын жүрек, үрпиген жүрек, 
ғаділетті жүрек, ақ жүрек, - деп жиырма үш түрлі айтқан). 
Бұл сияқты бір сөзге түрлі мән беріп көріктеулер 
С.Торайғыров поэзиясында да аз ұшыраспайды. мысалы, ақын 
«көңіл» сөзін мынадай тіркестерде қолданған: 
«Үмітті көңіл шегініп, 
Жылады сорлы егіліп». 
«Емізікті ез көңіл
Бірақ әлі сөнген жоқ» 
«Оқыт бізді, әкетай! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет