61
жерінде аса етек ала қоймаған болуы керек.
§7. Архаизмдер
Қазақтың ХVІІІ ғ. әдеби тілінде қазіргі лексикалық
нормамыздың тұрғысынан қарағанда архаизмге жататын бір
алуан сөздер тобы бар. Жауынгершілік тақырыпқа байланысты
көнерген сөздерді жоғарыда айтып өттік. Бұдан бір жарым, екі
ғасыр бұрынғы қолданылған қару-жарақ түрлері жойылып, жаңа
түрлері шыққандықтан, оның атаулары да архаизмге кеткендігі
даусыз. Бұдан басқа да көнерген немесе бұл күнде пассив
сөздерді ұшыратамыз. Бұхарда қолданылған
талыс, шөншік
деген сөздердің архаизмдер екенін бірнеше зерттеуші атап кеткен
болатын. Екеуі де мал терісінен істелінетін ыдыс жабдықтары.
Металл, шыны материалдары кем, тар дәуірлерде мал терісі әр
алуан ас-су жабдықтарын, киім-кешек, төсеніш-жастаныштар
жасауға пайдаланылатын бірден бір материал болған.
Экономикалық даму дәрежесі әлі өте төмен қазақтың феодалдық
қоғамында ХVІІІ ғ. өзінде әлі де осындай жабайы құрал
жабдықтардың болғанын сол кездің тілдік фактілері де
дәлелдейді. Мысалы:
дүр, талық, манат, көрпелдес, түкпе,
ортық сөздері мен
тіркеусіз қайту, дулап жүру, байсал табу,
байсалды үй, баршындау, кебелеу, мамыр асу тіркестері қазіргі
актив қорға кірмейді. Бұлардың кейбіреуін кітап шығарушылар
түсіндіріп отыруға тырысқан. Мәселен:
мамыр-сабыр, көрпелдес-
күрпілдек, ал көпшілігі ешбір түсініксіз қалпында оқылып келеді.
Бұлардың әрқайсысының төркіні мен мағынасын дұрыс талдап
табу – болашақ зерттеулердің міндеті.
Достарыңызбен бөлісу: