Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
64
§9. Фразеологиялық тіркестер
Әдеби тілдің бір белгісі фразеологиялық тіркестердің
тұрақталып, образ жасауға қатынасуында. Бұл жағынан ауыз
әдебиеті тілі де, ХVІІІ ғ. көркем әдебиет тілі де едәуір материал
береді. Бірақ олардың шығармаларындағы тұрақты тіркестер
негізінен ауыз әдебиеті дәстүрін сақтайды: ақындар бұрыннан
қалыптасқан дайын штамптарды пайдаланады немесе жаңа
тіркестер жасай қалса, оның семантикалық және грамматикалық
моделі дәстүрлі тіркестерден алынады. Мысалы, Бұқардағы
Тұрымтайдай ұл, басына дәулет құсы қону, тоят тілеу, тақымы
кетпес ұры, найзаны жауға тіреу, жұлдызы оңынан туу, он сан
алаш, құдайға құл болу, ақ сұңқар құстай, жалаң аяқ жар кешу
деген тіркестер халық тілінен ұштасады. Сірә, ХVІІІ ғ. ақындар
тіліндегі қаза қалу, жер тұлдану, дау ұру, жандай шабу,
уағдадан жылысу, бойынан түңілу, байсал табу, қулық туған
құлаша, алтынының буы, дәулет таю, жамандық тұту, бір
ауызды болу тәрізді тұрақты тіркестерді белгілі бір ақынның
туындысы деп те, халық тілінің байлығы деп те кесіп айту өте
қиын. Өйткені сол тұстағы сөйлеу тілінің байлығы бізге мүлде
беймәлім, ауыз әдебиеті тілінің де ХVІІІ ғ. фразеологиялық
нормасын белгілеу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қазір біз тек бір-ақ
фактіні батыл көрсете аламыз. Ол қазіргі әдеби тіліміздің
байлығы мен көркемдігін, образдылығын танытатын фразалық,
идиомалық тіркестердің сөз етіп отырған дәуірде орын алып,
тұрақталған тіл элементтері болғандығы.
§10. ХVІІІ ғасыр мен XIX ғасырдың І жартысындағы
эпистолярлық нұсқалардың тілі
Жоғарыда көрсеткеніміздей, ХVІІІ ғ. ІІ жартысындағы қазақ
даласындағы тіл практикасының бір түрі – хан, сұлтан және
кейбір старшиналардың орыс әкімшілік орындарына және бір-
бірлеріне жазысқан әр алуан қағаздарының тілі болды. Бұлар
көбінесе орысша прошение, уведомление, донесение деп
аталған құжаттар мен ресми хаттар. Бұлардың мұрағаттарда
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
65
сақталғандарын «Материалы по истории КазССР»
20
деген атпен
профессор М.П. Вяткин 2 том қылып жариялағандықтан,
олардың тілі туралы сөз ету мүмкіндігі бар. Ең алдымен, бұл
ресми құжаттарды жоғарыда сөз еткен көркем әдеби нұсқалардан
бөліп қарайтын себептеріміз бар. Біріншіден, бұлар әдебиеттің
өзге жанрына – ресми-эпистолярлық жанрға жататын нұсқалар
болса, екіншіден, пайдаланылған тілі жалпыхалықтық қазақ
тілінен өзгешелеу болды. Бұл құжаттардың тілі мен стилі
жөнінде алғаш дұрыс сипаттама мен құнды пікірлер айтқан
профессор М.П. Вяткин болды. Ол кісі бұл документті
жариялаумен байланысты жазған алғы сөзінде былай деп
көрсетеді: «Хандардың хаттарын жазған қазақтар емес, татар
молдалары, патша үкіметінің агенттері болатын, сондықтан да
еңбекшілердің көтерілістерін «оңбаған» халықтың бүліктері
немесе тіпті кәдімгі ел талдау деп сипаттаған. Тілі жағынан
алғанда қазақ феодалдары атынан жазылған бұл құжаттар тілі
арнаулы кеңсе тілінің үлгілеріне жатады. Мұнда татар
элементтері басым, ал қазақ тіліне тән элементтер әлдеқайда аз.
Орта Азия халықтары тілдеріне тән архаизмдер мен арабизмдер
араласқан бұл татар тілі хандар канцеляриясы практикасында
ұзақ уақыт берік сақталып, ресми хат-хабарлардың барлығында
қолданылды. Бұл тіл қазақ халқының көпшілік бұқарасына мүлде
түсініксіз болды. ХVІІІ ғ. мен XIX ғ. қазақ даласында
қолданылған кеңсе тілі туралы қазақ лингвистері де осындай баға
береді.
Абай дәуіріне дейінгі хан-сұлтандардың түрліше грамота-
хаттарына келсек, – деп жазады академик І. Кеңесбаев, – олар сол
кезде мода болған ресми-эпистолярлық стильдің сынықтары
болатын. Мұнда шағатай, татар, араб-парсы элементтері басым
болды».
Бұл кеңсе қағаздары тілінің Орта Азиялық түркі тілдеріне
ортақ ертеден қалыптасқан стилі болды. Ол стиль кеңсе
жазбалары
тілінің
лексика-фразеологиялық
құрамында,
грамматикалық тәсілдерінде, тіпті орфографиясында орын алған,
өзіне тән норма-ерекшеліктерімен белгіленеді. Ең алдымен, орта
ғасырлардан бастап біз сөз етіп отырған ХVІІІ ғ. мен XIX ғ. дейін
20
Вяткин М.П. Материалы из истории КазССР. –М.-Л, 1940.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
66
әрбір дәрежедегі лауазымды әкімдерді дәріптейтін тұрақты
эпитеттердің қолданылу шарты болды. Бұл жалғыз ортаазиялық
феодалдық қоғамдағы түркі халықтары тілінде ғана емес, өзге де
халықтар, оның ішінде орыс тілінде де орын алды. Мысалы,
жоғарыда аталған құжаттардағы ғизатлу, хұрметлу (уважаемый),
мархабатлу (милостивый), сағадатлу (блаженный) тәрізді сын
есімдер осындай тұрақты стильдік элементтер. Бұлар түгелімен
дерлік араб сөздерінен түркі жұрнағы лұ (лы) арқылы жасалған.
Бұлардан басқа арабтың ғали және хазірет деген сөздері өте жиі
қолданылып, біріншісі, «жоғары, биік» деген компонентті
білдірген. Мысалы , ғали кәһәли уа ғали жәһәли (высокосте-
пенный и высокодостойный); екіншісі, «его (ее) превосходи-
тельство, величество» деген ұғымды білдіреді. Демек бұлардың
әрқайсысы белгілі бір эпитетті білдіретін дәрежеде тұрақталып,
стильге тән нормаға айналғаны байқалады.
Хан, сұлтан, би, старшиналардың атынан жазылған түрліше
қағаздардың атаулары да бірқыдыру дифференцияланып,
нормаланғаны сезіледі. Мысалы, жоғары орындардан бір нәрсені
сұрай, өтіне жазылған қағаздар (прошение) ғарыз, ғарызнаме,
Достарыңызбен бөлісу: |