Байланысты: bilkasymov b mazhitaeva sh kazak debi tilinin tarikhy khvkhk
Қазақ өкілдерінің қаулысы Орал, Торғай, Семипалат, Ақмола обылыстары Орынбор
духовный собраныйасына қарауға, Түркестанский край өз алдына
муфти болуға, муфти болсын, қазы болсын бес жылға уақытша
сайлануға, төменгі имам, молдалар сегіз жылға руханилардың
бәрін де (муфти қазы, имам һәм молдаларды) халық сайлап
қойыуға. Уездный қазы болуға, губерныйалық жыйылыс болуға.
Мысалы, уездной сыйаз секілді губернский жыйылыста член һәм
секратарь болуға. Духовной мекемеде члендер, секретарьлар, қазылар болуға барлық руханиларға уәзипа берілуге, неке, талақ, мирас, мектеп, медресе, ғұшыр, зекет, фідійа, туған балаларды
жазу, өлген адамдарды жазу. Рухани басқармасына берілуге сөз
бірікті.
Біздің қазақтың жері хақында думаға қазақтан депутат алыну сөз болып жатыр. Бұл турада думада сөз болған екен /Айқап, 1914, 211-б/. Қазақ тілінің ол кездегі сөз байлығы барлық әкімшілік тер-
миндерін аударуға жете бермегенін осы қаулыдан көруге болады.
Бұл құжатта ислам дініне байланысты діни ұғымдар араб-
парсы сөздерімен (муфти қазы, имам, медресе, ғұмыр, зекет, фідійа, мирас, молда, уәзипа берілу, мектеп т.б.) берілсе, қазақ
сөзімен білдіруге келмейтін кейбір есімдерді орыс сөздерімен
(духовный собраныйа, уездной сиаз, член, Туркестанский край, секретарь, облыс переписі, статический партыйа, переселенческий артель, крестианский начальник, подрайонный чиновник) берген.
Араб-парсы, орыс сөздері құжатта ауызекі сөйлеуде
қалыптасқан тұлғаларымен жазылған. Орыс тіліндегі әкімшілік
орындарының аттары, лауазым атаулары аударылмай алынған
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
136
және сын есімдер мужской род тұлғасымен берілген: духовной собраныйе, статический партійа т.б. Құжаттарда лексикалық
жарыспалылық (варианттылық) кездеседі (санақ жұмысы/ перепись жұмысы, жыйылыс/ собранійе).Бұл - әдеби тілдің әлі
де нормаға түсіп қалыптаспағандығының белгісі. Егер ХІХ
ғасырдың екінші жартысындағы мерзімді баспасөз беттерінде
және 1910 жылы Қазанда шыққан "Орысша-қазақша сөздікте"