Оқулық. М.Қ. Оспанова; Қ. С. Аухадиева; Т. Г. Белоусова, Алматы: Мектеп, 2019. 10 сынып. 1-бөлім



бет6/18
Дата16.10.2023
өлшемі2,03 Mb.
#116225
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
хим каз-10 ОГН

Қолданылатын оқулық .М.Қ.Оспанова; Қ.С.Аухадиева; Т.Г.Белоусова, Алматы:.Мектеп, 2019.
10 сынып. 1-бөлім
Сабақтың нөмірі: 6
Сабақтың тақырыбы: Периодтық заң және периодтық жүйе атом құрылысы тұрғысынан. Атом валенттілігі және валенттілік мүмкіндігі. Атомның тотығу дәрежесі.
Негізгі топшада және периодта элемент қасиеттерінің периодты өзгеруі
1.Оқу мақсаты: 10.2.1.1 периодтық заңның физикалық мәнін түсіндіру
10.2.1.2 валенттілік және атомның тотығу дәрежесі ұғымдарының физикалық мәнін түсіндіру
2. Конспект
Элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері сол элементтердің атомдық массасына тәуелді болады.
Химиялық жлементтердің периодтық заңының қазіргі тұжырымдамасы: Химиялық элементтер мен олар түзетін жай және күрделі заттардың қасиеттері олардың атом ядроларының зарядтарына периодты түрде тәуелді болады. Периодтық кесте (ПС) периодтарға, қатарларға, топ пен топшаларға бөлінеді. Кез келген атомның атомдық нөмері, атомдық массасы, атауы, химиялық таңбасы болады. Периодтық жүйеде әр период сыртқы деңгейде 1 электроны бар сілтілік металдардан басталып, сыртқы деңгейінде 8 электроны бар инертті газдармен аяқталады. Жаңа энергетикалық деңгей жаңа периодтан басталады. Периодтық кестеде 14 s-элемент, 36 p-элемент, 40 d-элемент және 28 f-элемент бар. Бір топтың элементтеріне тән ортақ химиялық қасиеттер бар. Топтар негізгі және қосымша топтарға бөлінеді. Негізгі топшаларда s-және p-элементтер орналасса, ал қосымша топшада қалған элементтер орналасқан.Негізгі топшалардың нөмерлеріне сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар саны сәйкес келеді. Ережеге сай элементтердің жоғары тотығу дәрежелері де топ нөміріне тең. Фтор ғана ерекше, оның тотығу дәрежесі -1 ге тең.
Валенттілік — атомның басқа атомдарды немесе атомдар тобын қосып алып химиялық байланыс құру қасиеті. Валенттіліктің мәні берілген элементтің атомы ала алатын немесе орнын баса алатын сутек атомдарының санымен өлшенеді. Химияға валенттілік ұғымын 1853 ж. ағылшын химигі Э.Франкленд (1825 — 1899) енгізген.
Тотығу дәрежесі, тотығу саны – химиялық қосылысты тек иондардан тұрады деп қарастырғанда әр атомда болатын шартты зарядтың сан шамасы. Бұл ұғым молекуладағы атомдардың күйін сипаттау үшін қолданылады. Кез келген қосылысты ионды қосылыс деп қарастыруға болмайтындықтан, тотығу дәрежесу шартты түрде алынады. Тотығу дәрежесінің оң мәні (+) берген электрон санын, ал теріс мәні () қосып алған электрон санын көрсетеді. Элементтердің тотығу дәрежесін белгілегенде алдымен таңбасы, содан соң сандық мәні жазылады. Мысалы, Mn+7, С+6, С2, т.с.с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет