206
XI Тарау. Психикалық науқастар терапиясының негіздері
терапиялык маңызы бар, себебі наукастың дертке деген дұрыс катынасын
калыптастырады.
Тура психотерапия сөзбен әсер ету жолымен іске асады және наукаска тікелей
бағытталады. Тура психотерапияны жүргізу кезінде наукас ояу жағдайда не-
месе гипноздык ұйкыда болуы мүмкін. Тура психотерапия әдістерінің ішінде
рационалды психотерапия, функционалды жаттығу әдісін, сергектік, гипноздык
ұйкы жағдайында сендіру, аутогенді жаттығу және аналитикалык психотера-
пияны атауға болады.
Рационалды психотерапия — айкындап, түсінікті етуге бағытталған психоте
рапия әдісі. Оның негізгі максаты — наукастың өз дерті жөнінде калыптаскан
кате көзкарасын өзгерту. Әдістің негізін салушы П. Дюбуаның (1913) пікірінше,
бұл психотерапия сендіру элементтерінен толык еркін жұмыс істейді, тек
наукастың интеллектісіне, оның акыл-ой жүйесіне әсер етеді. Дюбуа наукас пен
оның туыстары дәрігерге келіп, дертті жағдайдың ерекшеліктері мен оны емдеудің
жоспары туралы арнайы окудан өтуі керек деп есептеген. Бұл әдістің жетілуіне
В.М. Бехтерев, С.И. Консторум, В.Е. Рожнов сиякты ғалымдар да үлкен үлес
косты. Әрбір дәрігер наукаспен сөйлескенде, оған дерт сипаты, пайда болу
себептері, жүргізілетін терапия ерекшеліктері және болашакка болжамы жөнінде
түсінікті тілде жеткізуі керек. Осының барлығы тек орын алған дертті күйді
зейінмен зерттегенде ғана емес, наукастыщ мінез-кұлкын, тұлғалык ұстанымдарын,
ситуацияны түсіну дәрежесін дұрыс ескергенде тиімді болады. Бұл әдіс
ипохондриялык жағдайлар, күдіктенулер, фобиялар (канцерофобия, кардиофо
бия, сифилофобия), жүйкелік соматовегетативті бұзылыстар кезінде, жүйкелік-
психикалык бұзылыстармен жүретін соматикалык аурулар кезінде өте тиімді.
Функционалды жаттығу максаты — калыптаскан дертті жүріс-тұрыс
стереотипін жаттығулар аркылы бұзу және жаңа сау стереотип калыптастыру.
Дәрігер бакылауымен ж әне оны ң белсенді араласуымен ф обия немесе
истериялык бұзылыстар кездесетін наукастар біртіндеп өзіндегі бұзылыстардан
алшактайды, өз әрекеттері саласын кеңейте түседі. Мысалы, агорофобия кезінде
алғашында наукас дәрігердің колдауымен, дәрігермен бірге аулаға шығады,
келесі күні аула ортасына дейін жетеді, келесі күні көшеге шығады. Кейінірек
ол осы әрекеттерді өзі жасайды, мүмкіндіктерін ұлғайтып отырады.
Сергектік жағдайындағы сендіру — дәрігердің күшті ерікті-кайратты ыкпал
етуі аркылы жүргізілетін психотерапия әдісі. Әдіс наукастың эмоционалды-
еріктік сферасына бағытталған, наукастың сенімі жоғары болған сайын тиімдірек
болады. Бұл әдіс, әсіресе, балаларда тиімдірек, ал ересектерде истериялык,
фобиялык, неврастения белгілері болғанда колданылады. Сендіру әдісі дәрігер
кабинетінде немесе палатада жүргізіле береді. Наукас бұл кезде жатады немесе
көзін жұмып жартылай отырған күйде болады.
Сендіру формуласы гипнозда колданылатын сендіру әдісіне ұксас.
Сеанстардың жалпы саны 15—20 рет.
Достарыңызбен бөлісу: