222
XII Тарау. Невроздар
ұзак әсер етуі керек және керісінше. Сонымен катар, тұлға невроздың жеке
түрлерінің дамуына себепкер болады, сондай-ак, психикалык жаракат сипаты
пайда болатын невроз түрін аныктайды. Мысалы, жоғары эмоционалды козу
ерекшелігі бар тұлға неврастенияға бейім келеді, психастениялык мінез-қүлықгы
тұлға — жабыскак жағдайлар неврозына бейім. Жоғары эмоционалды бакылауды
талап ететін психикалык жаракат жағдайы неврастенияға жиі әкеледі, сәттілікке
және өмірге кауіп төндіретін психикалык жаракат истериялык немесе фобиялык
неврозға алып келеді.
Невроздардың психопатологиялык симптоматикасы әр түрлі соматове-
гетативті және биохимиялык көріністермен бірге жүреді. Көптеген батыс пси-
хологтары мен психиатрлары невроздарды З. Фрейд теориясы тарапынан
түсіндіруге тырысады, яғни, олардың психопатологиялык көріністерін ерте
балалык шакта орын алған психикалык жаракаттармен, мысалы, баланы ана
кеудесінен ажырату және т.б. байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: