220
XII Тарау. Невроздар
жиі шағымданатын болған. Наукас әсершіл, ренжігіш, айтканынан кайтпайды.
Толку жағдайында жиі тамағында түйнек, «бүкіл денесінің дірілін», басында өткір
шаншуды, аяк-колдары бұлшык еттерінің аурыратындығын байкаған. Осындай
жағдай алғаш рет жеті жасында, мектептегі нашар тәртібі үшін әкесі белбеумен
соккан кезде байкалған. Наукастың айтуы бойынша, әкесі катты коркып кеткен.
Содан соң ешкашан ұрмаған. 16 жасынан бастап еңбекке араласкан. Наукас тігу
шеберханасында бес жыл істеген. 27 жасында тұрмыска шыккан. Жолдасы оған
камкор болып, барлык тілектерін орындап отырған. Балалы болғаннан кейін,
жұмысындағылар, наукастың ойы бойынша, оның отбасылык бакытын көре
алмаушылар нашар көзкараспен карайды деп, ары карай жұмысын жалғастыра
алмаған. Қызметтестерінің айтуы бойынша, наукас
бірбеткей, тек өзінің калағанын
істейтін көрінеді. Үш жыл бұрын жүрек ұстамасынан күйеуі кайтыс болған. Наукас
катты кайғырған. Жерлеу кезінде «истерика» болған. Ол зарлы дауыспен
айғайлаған, бірак артынан басылған. Жұмыска орналасуға мәжбүр болған. Өткен
жылы күйеуге екінші рет шыккан. Күйеуі арак ішеді, бір ұрыс-керістен кейін
тұншығу сезімі пайда болған, сөйлей алмай калған (афония). Бұлшыкеттері
ауырғандыктан әрең козғалған. Дәрігер көмегіне жүгінген.
Психикалык жағдайы: өзін демонстративті ұстайды, сыбырмен сөйлейді,
оның сөйлеуіне кедергі жасап тұрған тамағындағы спазмды байкайды, кейде
жылап, тыныштала алмайды. Жұбайының үнемі ішетіндігіне, оның өміріне
көңіл бөлмейтініне шағым айтады. Дәрігердің күйеуін шакыртып, оған оның
«ауруының ауырлығы» жөнінде түсіндіріп беруін, өзіне көңіл бөлу кажеттігін
айтуын сұрайды. Ем жүргізілгеннен кейін (дәрілік, психотерапиялык) және
жанұялык жағдайы жөнделген соң наукастың жағдайы жаксарды.
Невроздың осы түрімен ауыратын наукастарда истериялык бұзылыстардың
кайталануы күшейеді. Олар тек эмоционалды жаракат кезінде ғана емес,
наукастар өз дегеніне жете алмағанда да пайда болады. Олардың тәртібінде
демонстративтілік, эмоциялык тұраксыздык, керісуге бейімділік кездеседі және
истериялык невроздың тұлғаның истериялык дамуы көріністеріне транс-
формациялануыалаңдатады.
Достарыңызбен бөлісу: