250
XIV Тарау. Психопатиялар
Екіншілік, үшіншілік профилактика деп атауға болатын профилактиканың
тағы бір аспектісі тұлға дисгармониясы күшеюнің, декомпенсация дамуының
алдын алуды, тұлғалык акауларды компенсациялауға көмек беруді және мак-
сималды әлеуметтік адаптацияны камтамасыз етуді көздейді. Психопатияның
салдарлык ж әне үшіншілік профилактикасын жүргізу бойынша шаралар ар
найы білімді кажет етеді. Бұл жерде тұлғаның дисгармониялык көріністерінің
ерекшелікгерін және осы белгілердің күшеюіне әкелетін жағдайларды аныктай
білу керек. Алдын алушы немесе сүйемелдеуші психотерапия кажет. Соң-
ғысының кұрамында жанұялык психотерапия болуы керек, оның максаты —
отбасы ішілік карым-катынастарды дұрыстау болып табылады. Наукастың
әлеуметтік реабилитациясында оның кәсіби бағдарына негізгі рөл беріледі.
Наукастарға еңбектік кеңестер бергенде,
наукастың тек білімін, кәсіби бағдарын
ғана емес, сонымен катар, мінез-кұлык ерекшелігін де ескерген жөн. Кейде
адамның мінез ерекшеліктері кызмет ерекшелігімен сиымсыз болады. Мұндайда
профилактикалык максатта наукаска кызметін өзгертуге кеңес беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: