Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар тартысы»



Дата05.12.2023
өлшемі44,69 Kb.
#134567
түріСабақ
Байланысты:
Тапкырлар


Сабақтың тақырыбы: «Тапқырлар тартысы» сайысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сайыста оқушылардың білімін шыңдау; математикалық білімін кеңейту; оны ұштау.
Дамытушылық: Оқушыны алғырлыққа, табандылыққа, ойшылдыққа, жетістікке жетуге, өзін - өзі тәрбиелеуге, тапқырлыққа үйрете отырып тәрбиелеу.
Тәрбиелік: Оқушының адамгершілік қасиеттерін, логикалық ойлауын, өмірге деген көзқарасының дұрыстығын көрсете отырып, түсіндіре дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, безендірілген зал, даярланған үстел.
Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Тапқырлар Тартысы» сайысына қош келдіңіздер. Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
Жоспары:

  1. «Терең таным» жасырын сөз

  2. «Ұшқыр ой» релелі сынақ

  3. «Сан сынақ»

  4. «Кім жүйрік?» Капитандар сайысы

  5. «Тапқырлық»

Бүгінгі сайысымыздың әділқазылар алқасымен таныстырайық.

  1. ___________________________________

  2. ___________________________________

  3. ___________________________________


Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді.
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт – сапар тілейік.( Енді сайыскерлерімізді таныстырып өтейік. Әр сайыскер өзін таныстырады)
№1 «Жасырын сөз» логикалық тапсырмалар. Берілген тест тапсырмасын шешу арқылы пайда болған әріптерден, дұрыс сөз құрау. (әр жауап - 1 ұпай)
1. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? Т) 5
2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? C) 4
3. Бала 600г тосапты 6 минут, ал Карлсон 2 есе артық жейді. Олар бірге неше минутта жейді? А) 2
4. Бағбанның 24 ақ, 42 қызыл, 36 сары раушан гүлдері қалды. Ол барлық қалған гүлдерді пайдаланып, ең көп дегенде қанша гүл шоқтарын жасай алады? А) 6
5. 6 кенгуру 6 дорба шөпті 6 минутта жеп тауысады. 100 дорба
шөпті 100 минутта қанша кенгуру тауысады. Н) 100
6. 13 - тің квадраты? А) 169

Жауабы: жасырылған сөз «Астана». (Астана қаласы жайлы оқушылардың ойларын білу.)
№2 «Ұшқыр ой» ойыны.
Яғни қай топтың ойынын ұшқыр екенін анықтаймыз. Ол үшін алдарында тұрған компьютерге 1 - ден, 9 ға дейінгі сандарды жазыңдар. Енді сол сандардың орнын ауыстырмай, мәні 99 шығатындай «+» амалын қойып шығындар. Орны ауыспаған қалыпта екі таңбалы сан қолдануға болады.
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=12+3+4+56+7+8+9=99
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9=1+23+45+6+7+8+9=99 немесе 1+2+3+4+5+67+8+9

№3 «Сан сынақ» ауызша есептеулер. (әр қатысушы ұяшықтар бойынша берілген есептерді тез және дұрыс ауызша есептейді, Дұрыс жауап - 1ұпай)
№1
- 9 - 36=- 45
- 5*(- 21)=105
- 14*(- 2)=28
№2
- 4 - 12=- 16
40 -(- 5)=45
- 27: 9=- 3
№3
- 32*3=- 96
- 16 -(- 8)=- 8
- 42:(- 7)=6
№4
- 13 -(- 52)=39
- 16*(- 8)=128
- 426: 7=61
№5
- 7 -(- 17)=24
- 88: 4=- 22
- 6*(- 3)=18
№6
- 5*11=- 55
- 42+62=20
- 24 -(- 3)=- 21

№4 «Кім жүйрік?» капитандар жарысы:
1. Азайтудың нәтижесі қалай аталады? (Айырма)
2. 1 сағатта неше минут бар?(60)
3. 7 ондық 0 бірліктен тұратын санды ата.(70)
4. Шарты мен сұрағы бар кішкене әңгіме?(Сөз есеп)
5. Мектептегі 45 минут?(Сабақ)
6. Оқу жылының алғашқы айы қандай?(Қыркүйек)
7. Азайту амалының компоненттерін ата?(азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)
8. 3 пен 9 - дың көбейтіндісі?(27)
9. 6 мысық пен 3 тауықтың аяғы нешеу?(30)
10. Санды сол санның өзіне бөлсе..(1 шығады)


1. Қосудың нәтижесі қалай аталады?
2. 1 ғасырда неше жыл бар?(100)
3. 9 ондықтан 8 бірліктен тұратын санды ата.(98)
4. Периметрді қалай табамыз?( Барлық қабырғаларын қосамыз)
5. Мектептегі 10 минут?(Үзіліс)
6. Қыс айларының алғашқы айы қандай?(Қаңтар)
7. Бөлу амалының компанеттерін ата?
8. 3 пен 7 - нің көбейтіндісі?(21)
9. 5 машина мен 4 велосипедтің дөңгелектері нешеу? (28)
10. Кез келген санды бірге көбейткенде...(Сол санның өзі шығады)


№5 «Тапқырлық» ұсынылған құралдармен моншақтың диаметрін анықтаңдар.


Көрермендерге сұрақтар:
1. Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 )

2. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар?
(2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы - 6адам)
6. 4 қызда неше саусақ бар? ( 80 )

Математика
Сонау - сонау алысқа, жүзсін десең кемелер,
Тылсым - сырлы ғарышқа, ұшсын десең денелер,
Жасау үшін бәрің де
Математика -
Ең маңызды ғылым бұл,
Сондықтан да, сондықтан да сол ғылымның тілін біл.
- Осымен, балалар «Тапқырлар тартысы» атты сайыс сағатын аяқтай отырып.. Жеңімпаз топты анықтап, марапатталады.
Сау, болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет