Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


ПСИХИКАЛЫҚ  БҰЗЫ ЛЫ СТАРЫ   БАР  НАУҚАСТАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет39/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

ПСИХИКАЛЫҚ  БҰЗЫ ЛЫ СТАРЫ   БАР  НАУҚАСТАРДЫҢ 
РЕАБИЛИТАЦИЯСЫ  ЖАЙЛЫ  ТҮСІНІК
Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін үшінші реттік профилактика қарқынды 
дами бастады. Денсаулығы зақымданған немесе денсаулығынан толық айыры- 
лып,  соғыстан  зардап  шеккен  адамзат  алдындағы  жоғары  моральды  жауап- 
кершілік  қоғам  мен  мемлекет  жүйесінің  қызметінде  өз  көрінісін  тапты,  ол 
әр түрлі атауға ие болды: реабилитация, реадаптация, ресоциализация, қалпына 
келтіру терапиясы ж әне т.с.с.
Реабилитация  деп  адамның  әлеуметтік  мәртебесін  қалпына  келтіру,  оның 
құқықтық қайта қалпына келуін түсінеміз.  «Реадаптация» терминін медицина 
қызметкерлері  қолданады.  Ресоциализация  —  ауру  нәтижесінде  бұзылған 
әлеуметтік байланыстардың толық қалпына келуі және жаңа дағдыларды игеруі 
болып табылады. Кбайта қалпына келтіру терапиясы — адамның қоғамдық өміріне 
және  әлеуметтік  пайдалы  іс-әрекет  етуіне  кедергі  болатын,  аурудан  немесе 
жарақаттан  кейін  қалған  құрылымдық ж әне  функционалдық  бұзылыстарды 
(мысалы,  бет  күйігінен  кейінгі  пластикалық  операциялар,  қызметін  атқара 
алмайтын мүшелерді алмастыру,  протез жасау және т.б.) түзету.
Осындай  іс-әрекеттердің  қадамы  өте  ауқымды  болды,  осылайш а  ол 
халықаралық мәнге, теориялық негізге ие болады, «реабилитация» деп аталатын 
өзіндік  білім  саласы  болып  түзілді,  соғыспен  байланысы  ж оқ  ауруларға да 
қатысты болды. Қазіргі уақытта ДДҮ-ның мәлімдемесі бойынша, медициналық, 
кәсіби және әлеуметтік оңалту түрлері бөлінді.
Ағзаның қандай да бір мүшесі ж әне жүйесінің кез келген дерті: көз ауруы, 
ж үрек-қан  тамыр  ауруы  немесе  сөйлеу  ақауы  болсын,  адам  осылардың 
барлығына психикалық реакция береді. Бұл реакцияның сапасы мен тереңдігі 
әр түрлі жағдайларға байланысты:  негізгі аурудың ауырлығы ж әне оған бай-


78
V Тарау.  Психопрофилактика
ланысты асқынуларға, зардап шегушінің тұлғалық ерекшелігіне, оның мінез- 
құлқы,  темпераменті,  әлеуметтік  дәрежесі,  болған  жайтты  дұрыс  бағалай 
білуі,  жаңа  жағдайларға  бейімделу  қабілеті,  айналадағылардың  көзқарасы 
ж әне  т.б.  Сондықтаноңалту,  қандай  патология түрі  болмасын,  психикалық 
аспектіні ескеруі керек.  Барлық психикалық аурулар кезінде бірінші адамның 
әлеуметтік байланысы зардап шегеді. Тұрғындар арасында реабилитациялық 
көм ек  көрсетудің  көлем і  сол  ай м ақты ң   э к о н о м и к а л ы қ   ж ағдайы на, 
медициналық көмектің,  денсаулық сақтау ұйымдарының деңгейіне,  мемле- 
кет пен қоғамның реабилитация мәселелерін шешудегі қызығушылықтарына 
байланысты.
Науқасты  аурудан  кейін  еңбекке  баулу,  еңбектік  дағдыларға  үйрету, 
науқастардың  қызығушылығын  ескеру,  құқықтарын  сақтау  —  бұлардың  бәрі 
оңалту принциптерін жасауға негіз болатын идеялар болып табылады. Үшінші 
реттік  психопрофилактика  сатысында  науқастардың  еңбекпен  қамтамасыз 
етілуі маңызды, жаңа өндірістік байланыстар туғызады.  Шизофрения, эпилеп­
сия тәрізді аурулардан зардап шегетін адамдарды ескі жұмыс орнында жұмыс 
жағдайын  өзгерте  отырып  қалдыруға  талпыныс  даму үстінде.  Эпилепсиямен 
ауыратын науқастар үшін қозғалмалы механизмдермен,  биіктікте, от пен суда 
жұмыс жасауға қарсы көрсетілім бар, өйткені бұл жағдайларда сана бұзылысымен 
және тырысулармен жүретін эпилепсиялық ұстама науқас  өміріне аса қауіпті. 
Егер зияткерлік қабілеттерінің айқын төмендеуі және тұлғалық айқын өзгерістері 
болмаса,  науқас  кітапханаларда,  мұрағаттарда жұмыс  істей  алады,  өйткені 
мұндай  науқастар  аса  ұқыпты,  мұқият  болып  келеді.  Асығыс,  қарбалас 
жағдайларда  эпилепсиямен  науқастар  жүйке  процестерінің  инерттілігі  мен 
қозғалмалылығының  жетіспеушілігіне  байланысты  жылдам  декомпенсация 
жағдайына түседі.
Егер науқас қарапайым өндіріс жағдайында жұмыс жасай алмай, мүгедектік 
тағайындалса,  оған үйінде немесе психоневрологиялық диспансерлер шебер- 
ханаларында жұмыс істеу ұсынылады.  Бұл жерде науқастың дағдыланған ісіне 
қабілетін  пайдалану  немесе  еңбекпен  емдеу жөнінде  айтылып  тұр.  Емдік- 
еңбектік  шеберханаларда  науқастардың  жағдайына  байланысты  еңбек  үрдісі 
қатаң индивидуализацияланған және күрделілік дәрежесі әр түрлі:  пакеттерді 
желімдеу, жасанды гүлдерді жасау,  етікші ісі және тігін өндірісі.  Бұл шеберха- 
нада  науқас  жаңа  мамандық  игере  алады,  ал  кейінірек  психикалық жағдайы 
мүмкіндік  берсе,  өндіріске ауысуына  болады.  Ең  маңыздысы,  емдік-еңбектік 
шеберханаларда  науқастың  ұжымда  болуы,  сол  кезде  оның  бойында  жаңа 
эмоциялық және іскерлік контактілер пайда  болады.  Жаңа ұжымда идеялық- 
тәрбиелік  жұмыс  жүргізіледі,  мәдени  бағдарлама  орындалады,  ең  бастысы, 
науқас тұрақты дәрігер қадағалауында болады, уақытында тамағын ішеді, тегін 
емделеді және  өз  еңбегінің  материалдық жемісін  көреді.  Емдік-еңбектік  ше- 
берханалар тек диспансерлерде ғана  емес,  сонымен  бірге,  ірі  психиатриялық 
ауруханаларда ашылып, қызмет етуі керек.
Реабилитацияның  соңғы  сатысы  науқастың  сауығып,  жанұясына,  қызмет 
орнына оралуы  болып табылады.  Қазір өндірістегі психикалық науқастардың 
реадаптациясына  дәрігерлердің  қатысуын  белсендендіру  қолға  алынған.


Психикалық бүзылыстары  бар  науқастардың  реабилитациясы жайлы түсінік
79
Психоневрологиялық көмек органдарының ірі өнеркәсіп әкімшілігінің келісімі 
бойынша  емдік-еңбектік  шеберханалардан  өршу  сатысынан  тыс  науқастар 
жұмысқа жіберіледі.  Өндіріс жағдайында дәрігер  ауру жағдайын жүйелі түрде 
бақылап  отырады  және  сүйемелдеуші  терапияның  жүруін  қадағалайды,  дені 
сау қызметкерлерге науқас жайында түсініктеме береді, өз ауруының тәртібіне 
толық жауапкершілік алады.
Науқастың реадаптациялық дәрежесі психикалық патологиялық сипаты мен 
ауырлығына  ғана  байланысты  емес,  отбасы  позициясына,  туысқандарының 
оған деген көзқарасына, науқастың өмір сүріп жатқан ортасына да байланысты 
болады.  Осы  себептерден  барлы қ  елдерде  психикалы қ  ауруханаларда 
науқастардың «тұнып қалу» үрдісі орын алған.  Экономикасы дамыған елдерде 
психикалық ауруханалар  санының  көптігі және денсаулық сақтаудың жалпы 
жүйесінде  психиатриялы қ  койкалар  саны ны ң  көптігі  алдағы  уақытта 
психиатриялық  көмек  дамуына ж әне  науқастар  реабилитациясына  кедергі 
болуда. Сонымен, ДДҮ сарапшыларының пікірінше, тұрғындардың қажеттілігін 
қанағаттандыратын психиатриялық койкалар  1000 тұрғынға шаққанда  1 -3  бо­
лып  табылады.  Кей  елдерде  психиатриялық  койкалар  саны  1000  тұрғынға 
шаққанда 6-ға жетеді. Англияда психиатриялық ауруханаларға барлық койкалық 
қордың  40-45  пайызы  берілген;  психикалық  науқастарға  қызмет  көрсетуге 
психоневрологиялық  көм ек  бойынш а  98  пайыз  ш ығын  жұмсалады,  ал 
амбулаторлық көмекке тек 2 пайыз ғана жұмсалады. Ауруханалар босап қалмау 
үшін науқастарды ұзақ уақыт ұстайды.  Бұл тек науқастардың  өмірге  белсенді 
қайта  оралуына  зиян  келтіріп  қоймай,  госпитализм  құбылысының  дамуына 
алып  келеді:  ауруханадан  шығуға  қорқу,  қиы нды қтардан  күдіктену, 
қызығушылықтар  шеңберінің  тарылуы,  маман  ретінде  өзін  қажетсіз  сезіну. 
Реабилитациялық жұмыстың жеткіліксіздігінен науқастар ауруханадан шыққан 
соң, көп ұзамай қайта оралып жатады.  Сондықтан, көп елдерде койкалық қорды 
1000  тұрғынға  шаққанда  1,5—3,5  койкаға  дейін  қысқарту  міндеті  тұр.  Амбу- 
латорлық көмекті әрі қарай дамыту міндеті де бар.
Психикалық аурулардың айтарлықтай ұзақтығы, олардың жиі рецидивпен 
жүруі  психоневрологиялық диспансерлердің  науқастарды жүйелі  қадағалау 
қажеттігін көрсетеді.  Реабилитациялық қызметте науқастардың белсенділігін 
арттыру мақсатында  міндетті емес көмек түрлерін іске асыру шешілді.  Осы- 
лайша,  ірі  қалаларда  ерікті  бастамамен  ескі  пациенттер  клубтары  ашылды. 
Клубтың мақсаты науқастарды ұжымға тарту, оның қоғамға ж әне өзіне деген 
көзқарасын  қайта  қалыптастыру  болып  табылады.  Клуб  қызметін  дәрігер 
бақылап отырады,  бірақ науқастардың өздері ұйымдастырып,  іске асырады. 
Клубтағы  белсенді  қызмет  бағаланады,  еңбектік  тәрбие  қарастырылады, 
спортпен шұғылдану ж әне мәдени  бағдарлама ұйымдастырылады, аутогенді 
жаттығу  тәсілдері  үйретіледі,  н ауқастарды ң  туы стары м ен  дәрігердің  
кездесулері ұйымдастырылады,  қызығушылықтары  ортақ науқастар топпен 
жұмыс  істейді.
Реабилитациялық  жұмыс  бойынша  Отандық  психиатрияның  жинаған 
тәжірибесі оның негізгі принциптерін құруға мүмкіндік берді. Реабилитацияның 
бірінші принципі ықпал етудің биологиялық және әлеуметтік әдістерінің бірлігін


80
V Тарау.  Психопрофилактика
ұстанады.  Ауруды  емдеуақыл-кеңестік,  педагогикалы қ  жұмыспен  ж әне 
әлеуметтік  құрылым  қызметімен  бірлестіріледі.  Екінші  принцип  —  тек  қана 
аурумен  ғана  жұмыс  істеп  қоймай,  ортаны  сауықтыру,  отбасында,  қоғамда 
науқас үшін жайлы әсер ететін қарым-қатынас түзу. Үшінші принцип барлық 
емдік-қалпына келтіру шаралары науқастың тұлғалық ерекшеліктерін ескеріп 
жүргізілу керектігін білдіреді. Төртінші принцип — оңалтудың сатылы жүргізілуі, 
науқасқа әсер ету әдістерінің ретімен ауыстырылып отыруы.
Оңалту идеяларын іске  асыру науқасты  аурудың жедел кезеңінде  белсенді 
дәрілік терапиямен жоғары деңгейде қамтамасыз ету нәтижесінде ғана мүмкін 
болып шықты. Тек психопатологиялық симптоматика редукцияланғанда, оңалту 
қызметі басталуы керек.  Оның  мазмұны  аурудың нозологиялық ерекшелігіне 
және әр жағдайдың ерекшелігіне қарай анықталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет