94
VII Тарау. Психикалық ауруларды зерттеу әдістері
көлемді), қарашықтар деформациясы бақыланады, пилокорпин мен атропин
әсеріне реакция төмен болады.
Кәрілік ақыл кемдігінде қарашықтар тарылған, олардың реактивтілігі төмен
болса, қорқыныш, депрессия, атропиндік психоз жағдайларында қарашықтар
кеңейген күйде болады. Энцефалитке птоз (жоғарғы қабақтың түсуі), стробизм
(қылилық), диплопия (көз алдында екілену), конвергенция парезі, сирек көз
жыпылықтату тән.
Дөрекі органикалық психоздарда, инсульттен кейінгі жағдайларда, кейде
гемианопсия және скотома (көру алаңының бір бөлігінің түсіп қалуы) кездеседі.
Бас айналуына шағыммен жүретін вестибулярлы бұзылыстар, әдетте, психо-
сенсорлы сипаттағы қабылдау бұзылыстарымен бірге жүреді.
Психиатриялық тәжірибеде сіңірлік рефлекстердің өзгерістері
көп кездесетін
құбылыс. Олар О Ж Ж -ны ң органикалық бұзылысында, сонымен қатар,
функциялық патология, невроздар кезінде де жоғарылайды. Корсаков психо-
зында, психопатологиялық диабетте, вибрациялық ауруларда полиневрит пай
да болады және сіңірлік рефлекстер жойылады. Психикалық ауру дамуында
Б абинский, Оппенгейм, Бехтеров, Россолимо ж әне т.б. патологиялы қ
рефлекстердің пайда болуы церебральды-органикалық өзгерістердің күшейгенін
білдіреді. Осы патологиялық рефлекстер сопорозды және коматозды жағдайдағы
науқастарда анықталады. Аз уақыт ішінде оларда эпилепсиялық ұстама электро-
шоктан кейін пайда болады.
Дөрекі органикалық психоздармен сырқат науқастарда психикалық маразм
сатысында қармау, сору рефлекстері пайда болып, құрсақ ішілік жату позасы
байқалады. Бұл симптоматика кататониялық ступор немесе естің сопорозды
бұзылыстарында орын алады және қайтымды, жағдайдың жақсаруына қарай
жоғалады.
Сезімталдылықтың бұзылуы — жүйке жүйесінің органикалық патология-
сы немесе истерия белгісі болып табылады. Истерия да жүйеленбеген түрде
көрінеді, тітіркену немесе сезімталды қты ң жоғалу зонасы иннервация
заңдылықтарына сәйкес емес ж әне өзін-өзі иландыру нәтижесі болып табы
лады. Осындай
функционалды сипаттағы истериялық салдану, көру, есту,
сөйлеу, жүру бұзылысы, гиперкинездік бұзылыстар анық көрінеді. Барлық
психикалық ауруларда вегетативті және вазомоторлы бұзылыстар қатар жүреді
ж әне олардың инициальды, жедел кезеңдерінде айқын көрінеді. Вегетативті
ауытқулардың симпатикотоникалық бағытталуы маниакальды-депрессивті
психоз ұстамасының бастапқы кезеңінде, алкогольді делирийде, кардиогенді,
ота жасатудан кейінгі, атропиндік психоздарда орын алады, парасимпа-
тикотоникалық — тұмауға байланысты психоздарда, шығу тегі әрқилы амен-
цияда бақыланады. Үрдіске гипоталамустық құрылымдар қосылған кездегі
невроздар, эндокринопатиялар, мидың органикалық аурулары вегетативті
пароксизмдермен бірге жүруі мүмкін, ол симпатикотоникалық және парасим-
патикотоникалық бағытта өтеді.
Экстрапирамидті гипо және гиперкинетикалық бұзылыстар (пароксизм,
қалтырау, тарсионды спазм, гиперкинездер) психофармокологиялық тера-
пияның жанама әсері ретінде көрініс береді.