Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова


ЭКСПЕРИМ ЕНТАЛЬДЫ -ПСИХОЛОГИЯЛЫ Қ ЗЕР ТТЕУ



Pdf көрінісі
бет46/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

95
ЭКСПЕРИМ ЕНТАЛЬДЫ -ПСИХОЛОГИЯЛЫ Қ ЗЕР ТТЕУ
Экспериментальды-психологиялық немесе патопсихологиялық зерттеулер 
психикалы қ  патологияны ң  сипаты  мен  мөлш ерін  негіздеу  мақсатында 
қолданылады, сонымен қатар оның орнын толтыратын мүмкіндіктерді анықтау 
болып табылады.  Психиатриядағы экспериментальды-психологиялық зерттеу 
клиникалық психопатологиялық зерттеулердің жалғасы болып табылады, яғни 
оның жауапты кезендерінде, диагностикада, дифференциалды диагностикада 
және клиникалық сұрақтарды шешуде, әлеуметтік еңбекті бастағандағы емнің 
нәтижелілігін  бағалауда және  реабилитациялық жоспарлауда,  экспертизалар 
және кәсіби сараптауда маңызы зор.
Психологиялық тестілер  тұрғындарды  жаппай  тексергенде,  соның  ішінде 
психикалық ауруларға бейім контингенттерді анықтауда қолданылады. Арты- 
нан мұндай науқастар клиникалық психиатрда сауықтыру және аурудың алдын 
алу шараларын жүргізу үшін қаралып, тексеріледі. Тұрғындарды зерттеу кезінде 
басқа да мәселелер шешіледі, мысалы, нақты ауданға қажет мамандандырылған 
көмектің  мөлшері.  Тестілеу алынған  көрсеткіштерді  математикалық өндеуге, 
бұл  үшін  заманауи  техниканы  қолдануға  және  бұл жұмыс  бойынша  ғылыми 
негізделген нұсқаулар беруге мүмкіндік береді.
Ж еке  адамның  типологияы қ  ж әне  негізгі  индивидуалды  ерекшелігін 
анықтауға көмектесетін психикалық қызметтің барлық сферасын зерттеу үшін 
көптеген  тестілер  құрылған.  Патопсихологиялық  зертханаларда  жасалатын 
ондай  зерттеулер  өте  қиы н  ж әне  көп  уақыт  алады.  Экспериментальды- 
психологиялық  зерттеудің  салыстырмалы  түрде  қарапайым  әдісін  дәрігер- 
психиатрлардың басым бөлігі игерген, науқасты клиникалық зерттеуді тереңдете 
түсу  мақсатында  қолданады  және  бұл  мәліметтерді  психикалық статусты  су- 
реттеу  кезінде  ауру  тарихына  енгізеді.  Қандай  жағдай  болса  да  науқастың 
жағдайы  жөнінде  шешуші  сөз  —  клиницист  еншісінде,  патологиялық  тест 
қорытындысы кез-келген лабораториялық көрсеткіштер тәрізді тек қосымша 
көмек ретінде  қолданылады.  Қарапайым  үрдістерді  —  назар  салу,  қажу,  есте 
сақтауды зерттеу үшін бірнеше әдістер қолданады.
Корректуралық сынама.  Типографиялық бланкіде басылған аз ғана мәтінді 
науқасқа беріп,  10,  5 не 3 мин ішінде белгілі ретпен К  және Р әріптерін сызып 
тастауын сұраймыз.  Науқастың  қорытындысын  мәтінге арналған арнайы жа- 
уаппен  салыстырып,  аурудың  нақтылығы  мен  әрекет  жылдамдылығын 
есептейміз.  Маниакальды жағдайдағы науқас жұмысты өте тез жасайды,  бірақ 
көп қате жібереді, ал депрессиямен ауырған науқас өте баяу жасайды.  Психи- 
касы сау жас адам  10  мин ішінде  10-15-ке дейін,  мидың қан тамырлық және 
органикалық  патологиясы  бар  науқас  4 0-60  қате  жібереді.  Жұмыс  қабілеті 
төмендегенде, минуттарға шаққанда қателер бірқалыпты болады, ал шаршаған 
кезде қателердің саны зерттеудің соңында көбейеді.
Крепелин  бойынша  санау.  Науқасқа  типографиялық  бланк  береді,  ол  одан 
ұзын қатар жасап орналасқан сандарды көреді.  Белгілі бір уақытта зерттелуші 
сандарды жіктеп,  нәтижелерін жазып отыруы  керек.  Науқастың  ісі  бойынша 
оның  жылдамдығын  ж әне  жұмысының  нақтылығын,  жұмыс  қабілетінің 
ауытқуын, қажу сатысын анықтайды.


96
VII  Тарау.  Психикалық ауруларды  зерттеу әдістері
Санау  эдісі.  Науқастан  мысалы,  100-ден  немесе  200-ден  7,  17,  13  немесе 
басқа санды алуын сұрап,  қалдығын анықтатады.
Шульте таблицасынан санды іздеу.  5 таблицада шашылып орналасқан  1-ден 
25-ке дейін сандарды дауыстап айтып көрсету керек. Қажудың жоғары деңгейінде 
бір кестеге кететін уақыт аз болады.  Церебральды атеросклерозбен ауыратын- 
дар  тапсырманы  жиі  тоқтап,  ал  эпилепсиямен  ауыратындар  баяу  қарқында 
орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет