Оқулық Ѳнделген ж әне толықтырылған 2-басылым Н. М. Жариков, Л. Г. Урсова



Pdf көрінісі
бет58/167
Дата19.03.2022
өлшемі11,02 Mb.
#28430
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   167
Байланысты:
Sarsembaev-K.T.-Kn.-Psihiatriya

115
ҚАБЫЛДАУ  БҰЗЫ ЛЫ СЫ
Кдбылдау  —  материалды  әлемнің заттары  мен  құбылыстарын  бейнелейтін 
психикалық үрдіс.  Қабылдау  —  күрделі  акт,  ол  ес,  ойлау  үрдістерімен  тығыз 
байланысты.  Қабылдау түйсіктен басталады.
Туйсік — қабылдаудың ажырамас бір бөлігі, ол психикалық үрдістің бірінші 
элементі, оның көмегімен біз әрбір заттар мен құбылыстардың сапасын, жеке 
қасиеттерін:  көлемін,  формасын,  салмағын,  түсін,  тұнықтығын  ж әне  т.б. 
бейнелейміз.  Ең  алғаш  Аристотель  «Біздің  санамызда  ешқашан  болмаған  зат 
біздің түйсігімізде де болмаған» деп айтып өткен. Түйсік пен қабылдау — біздің 
санамыздың қақпасы. Түйсік пен қабылдау — біздің барлық біліміміздің қайнар 
көзі.
Түйсік пен қабылдау бұл заттар мен құбылыстар әсер еткендегі анализатор- 
лар функциясының нәтижесі. Сезім мүшелерінің келісілген және дұрыс қызметі 
психикалық  үрдіс  үшін  маңызды.  Әр  түрлі  ауруларға  ж әне  хирургиялық 
араласуларға байланысты анализаторларды жоғалту психикалық белсенділіктің 
төмендеуіне, жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің бұзылыстарына әкелуі мүмкін. 
Павловтың жануарлардың бір немесе бірнеше анализаторларының церебраль- 
ды  бөлігінің  экстрипациясымен  жануарларға  жасаған  тәжірибесінде  ж әне 
көптеген авторлардың сенсорлы изоляция мен депривация жағдайында сурдо- 
камерада  адамның  сезімі  мен  жүріс-тұрысын  бақылауы  осының  дәлелі  бола 
алады.
Затты қабылдау түйсіктер жинақтығына саяды, бұл тек жаңа туған нәрестеде 
бақыланады.  Өмір  сүру  барысында  ересек  адамдардың  қиялында  барлық 
заттардың  бейнесі,  өзіндік эталоны  құралады,  осылайша  біз  ол заттарды  біле 
отырып,  бір-бірімен  салыстырамыз.  Ересек  адамдар  қабылдауын  көрнекілік 
үшін мына формуламен бейнелейді:  қабылдау = түйсік сомасы  +  елестету.
Елестету — заттың ойша бейнесін еске түсіру. Елестету нақты болуы мүмкін, 
ол өткен шақта қабылданған нақты объектілер жөнінде естелікке ұласуы мүмкін. 
Елестетулердің өзара әрекеттесуі нәтижесінде заттар мен құбылыстар жөнінде 
жаңа күрделі елестетулер пайда болады.  Елестету адам қызметінің  барысында 
құрылады және үнемі жетіліп отыратын заттар туралы білім қоры тәрізді.
Патологиялық жағдайда түйсік өзгерісі сапалық және сандық болуы мүмкін. 
Сандық өзгерісі тітіркену табалдырығының төмендеуіне немесе жоғарылауына 
байланысты.
Тітіркендіргішке  сезімталдықтың  төмендеуі  гипестезия  деп  аталады. 
Сезімталдықтың  жоғалуы  —  анестезия.  Түйсік  жеткіліксіздігі  кез  келген 
анализаторға қатысты болуы мүмкін,  ол шығу тегі жағынан орталық не шеткі, 
шынайы немесе өзін-өзі иландырудың нәтижесі болуы мүмкін.
О Ж Ж -нің  органикалы қ  ауруларымен  ауыратын  науқастарда  жүйке 
бағаналары  мен  орталықтарының  зақымдалуы  кезінде  терілік  анестезия  и н ­
нервация  зоналарына  сәйкес  келеді.  Өндірістік  ж әне  басқа  интоксикация 
әсерінен  болған  энцефалопатияларда,  наркоманияда,  алкоголизмнен  зардап 
шегетіндерде,  жұқпалы  инфекциялық  психоздардан  кейін  неврит  пен  поли­
неврит дамуымен байланысты гипо немесе анестезия дамуы мүмкін. Жарақаттан


116
VIII  Тарау.  Психикалық бүзылыстар  симптомдары
кейін,  мидың  мерездік және  қантамырлық зақымдалуларынан  кейін  астения 
құбылыстары және интеллектуалды жеткіліксіздікпен бірге тері сезімталдығының 
орталық және ошақты бұзылуы байқалады.
Истерияға  ш алдыққан  ауруларда  тері  сезімталдығының  өзгеруі  шұлық, 
қолғап, жакет тәрізді немесе дененің жарты  бөлігіне жайылған түрде  болады. 
Олар  жиі  психикалық  жарақаттан  кейін  дамиды  ж әне  сипаты  жағынан 
салданудың клиникасы жөнінде науқастың білетініне сәйкес келеді.  Сонымен 
бірге,  истериялық  соқырлық,  саңыраулық,  дәм  мен  иіс  сезудің  басылуы 
кездеседі,  олар әдетте қайтымды және қысқа уақытқа созылады.
Тітіркендіргіштерге  жоғары  сезімталдық  —  гиперестезия  деп  аталады.  Ол 
жиі  астенизацияланған  ауруларда  тітіркенген  әлсіздік  белгілерімен  көрінеді. 
Күннің сәулесі, жай дыбыстар, тіпті, иістерді көтере алмайды, киімнің денеге 
жанасуы да тітіркендіреді.
Түйсіктің сапалық өзгерісінің ішінен парестезия мен сенестопатияны бөлеміз. 
Бұл кездерде науқас  буында,  аяқ-қолда, теріде,  барлық денеде болатын буып- 
қысу,  шаншу,  қозғалу т.б.  осы  секілді жағымсыз  сезімдерге  шағым  айтады. 
Парестезия кезінде сезім нақтырақ,  физикалық,  сезімдік сипатта болады.  Се- 
нестопатияда  сезімдер  айқын  емес,  нақтылығы  ж оқ  кейде  оғаш,  түсініксіз 
болып келеді; науқастар оны жиі ішкі мүшелермен және бас миы жағдайымен 
байланыстырады.  Парестезияның  шығу тегі  —  неврологиялық  бұзылыстар 
нәтиж есі,  сенестопатия  кезінде  жүйке  ж ән е  жүйке  орталы қтары ны ң 
көрінерліктей  патологиясы  болмайды.  Сенестопатия  мәні  жағынан  жалпы 
сезімнің иллюзиясы және галлюцинациясы  болып табылады  (тактильді және 
интероцептивті).  Қабылдау  мазмұнының  патологиялық  өзгерістері,  сапалық 
бұзылыстарына  сезім  мүшелерінің  алдануы  —  иллюзия  мен  галлюцинация 
жатады.  Иллюзияда  қабылдау  бұрмаланған  және  қабылдау  объектіне  сәйкес 
келмейді.
Галлюцинацияда тітіркендіру көзі мүлдем болмайды,  бірақ адамда әр түрлі 
сезімдер  пайда  болады,  ж оқ  құбылыстар  мен  заттар  қабылданады.  Осы 
құбылыстарға толық сипаттама беру үшін тоқталамыз.
Иллюзия — шындығында бар объектіні қате қабылдау.  Иллюзия тек психи- 
калық  аурудың  белгісі  емес,  жиі  сау  адамдар  арасында  да  кездесуі  мүмкін. 
Психикалық иллюзия дамуының  бірден  бір  себебі  сезім  мүшелерінен түсетін 
ақпаратты ң  жеткіліксіздігі  болып  табылады.  Қараңғыда  ж ары қ  күнмен 
салыстырғанда  шатасу,  бір  затты  басқа  зат  ретінде  қабылдау  оңай.  Осыған 
байланысты иллюзия қандай да сезім мүшесі функциясы әлсіреген адамдарда 
кездеседі:  мысалы, саңырауларда — есту,  көзі нашар көретіндерде — көру ил- 
люзиясы т.б.
Иллюзияларда  ақпарат жеткіліксіздігі  елестету арқылы толықтырылады. 
Бұл  жағдайда  елестету  өздігінен  емес,  осы  уақытта  санада  үстемдік  етуші 
ойға  байланысты  пайда  болады.  Мысалы,  қорқыныш  жағдайындағы  адам 
қараңғыда бұрыштағы ілулі пальтоны жасырынып тұрған қастандық жасау- 
шы деп ұғады.
Патологиялық жағдайда иллюзияның дамуы осы заңдылық бойынша жүреді. 
Кейбір психоздар (аққызба, шизофрения өршуі, кәрілік алдындағы психоз, қан


Қабылдау бүзылысы
117
тамырлық  психоздар)  қорқы ныш ,  үрей,  мазасыздық,  жақындаған  қайғы- 
қасіретті сезінуден басталады. Ауру өзіне төнген қауіпті сезінеді, істің мәні неде 
екенін  түсіну үшін  қоршаған  ортаға  күдікпен  қарайды.  Өткінші  адамдардың 
сөз үзінділерін көше дыбысымен біріктіріп, өз көңіл-күйіне қатысты қабылдайды: 
соғыс басталды, оған қарсы шабуыл ұйымдастырылып жатыр; көшеде ойнаған 
балалар шуылын подвалда қиналып жатқан туыстарының дауысы деп ойлайды, 
оларды қинамауын өтініп, жылайды.  Бұл аффективті иллюзия деп аталады, бұл 
кезде сандыраққа дайындық бар.
Сезім  жеткіліксіздігіне  байланысты  қабылдауда  елестету рөлі  өсе  түседі. 
Қалыпты  жағдайда  пайда  болған  қабылдау  қателіктері  сау  пікір  көмегімен 
түзетуге  келеді.  Сандырақпен  ауырған  науқастарда  елестету  де,  ойлау  да 
патологиялық өзгерген  болып саналады және де сандырақты  елестету санада 
үстемдік  етеді.  Осылайша,  тітіркендіру  күшінің  жеткіліктілігіне  қарамастан 
сезім мүшелеріне түсетін ақпарат сандырақ ойлармен бұрмаланады.
Ш изофрениямен ауыратын науқас айнаға қарап отырып,  бетінің төмендегі 
бөлігі  алға  қарай  қозғалатындығын  «қасқыр тұмсығына» ұқсайтынын  көреді; 
пресенильді психозда өзін тірі өлік санайтын адам, денесінен жанының қалай 
шыққандығын,  өлік дақтарын,  өлім  белгілерін  «көреді».  Осы тәріздес  интер- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   167




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет