Өткен тәжірибені қайта жаңғырту бұзылысы Өткен тәжірбиені қайта жаңғырту (репродукция) бұзылысы фиксация және
өткенді есте сақтау бұзылысында үнемі көрініс береді. Бірақ мнестикалық
үрдістің осы звеносының ілкі зақымдалуы болуы мүмкін. Церебральды атеро-
склерозбен ауыратын науқаста өз естеліктерін басқару қабілеті бұзылады;
жауапты жағдайда қажеттіні еске түсіре алмайды: есім, атаулы күндерді, нақты
атауларды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін, оның қажеті болмаған кезде, бұл
мәліметтер оңай еске түседі.
Еске түсірудің барлық бұзылыстарын сандық, сапалық және таныстық (көзге
таныс) сезімінің бұзылыстарына бөледі.