Эмоция бұзылыстарының жасқа байланысты ерекшеліктері Балалардағы эм оциялы бұзылыстардын жалпы ерекшелігі атиптілігі,
айқындылық дәрежесінің әлсіздігі, қысқа уақыттылығы және тұрақсыздығы
болып табылады.
Типті аффективті синдромдар балаларда сирек кездеседі. Депрессивті және
дисфориялық жағдайларда өзін нашар сезіну, сылбырлық, әлсіздік басым,
маниакальды күйлер қы сқа уақытты ж ән е балалардағы ф изиологиялы қ
көңілділікке жақын болып келеді.
Жасөспірімдердегі аффективті синдромдар ересектердікіне ұқсас болып
келеді, бірақ өзіндік ерекшеліктері болады. Депрессивті ж әне маниакальды
күйлер ассоциалды жүріс-тұрыспен көрініс беруі мүмкін — алкоголизация,
қаңғыбастық, агрессивтілік ж әне т.б. Депрессияның ипохондриялық және
астено-адинамиялық, астено-апатиялық формалары жиі кездеседі.
Балалық шаққа тән эмоциялық бұзылыс қорқыныш синдромы болып та-
былады.