Қозғалыстық және еріктік бүзылыстар
147
Зейін бұзылысы
Зейін бұзылуы психикалық ауруларда ең жиі кездесетін симптом болып
табылады. Зейін қоршаған орта объектілеріне шоғырлану қабілеті түрінде активті
және пассивті болуы мүмкін.
Пассивті зейін — филогенезі жағынан ежелгі үрдіс,
ол шартсыз бағдарлық рефлекске негізделген, дерт әсеріне тұрақты болады.
Активті немесе ерікті зейін адамның саналы қызметімен байланысты, бұл —
адамға тән қызмет түрі; психикалық ауру кезінде тез бұзылысқа ұшырайды.
Зейіннің жиі бұзылыстары қажу, алаңдаушылық және патологиялық қадалу
болып табылады.
Зейін қажуы — астениялық жағдайға тән. Мұндай науқас әңгімелесу және
ақылмен жұмыс жасау үрдісінде тез шаршайды, әңгіме арқауы үзіледі, жауап
қайтару сапасы төмендейді, ақыл қызметі төмендейді. Бұзылыс негізінде ішкі
тежелудің жетіспеушілігі жатыр.
Зейін алаңдаушылығы — маниакальды ауруларға тән. Науқас зейіні үздіксіз
біріншісінен екіншісіне ауысып отырады, аздаған детальдарға фиксацияланып
үлгереді, бірақ зейіннің бір объектке шоғырлануы, бір орында отыруы мүмкін
болмайды.
Зейіннің патологиялық қадалуы депресивті ауруларда байқалады. Науқас ауыр
қайғылы ойлардан арылуға дәрменсіз, барлық уақытта ойында бір ғана тақырып
қайталанады, ол өз күйінен шығар жолдың жоқтығы.
Достарыңызбен бөлісу: