Оқулық «Нотариат туралы»


 Нотариаттық түрде куəландырылған құжаттарға



бет20/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

5.3. Нотариаттық түрде куəландырылған құжаттарға 
теңестiрiлген өсиеттер мен сенiмхаттарды лауазымды 
адамдардың куəландыруы
ҚР-ның “Нотариат туралы” Заңында көзделген жағдайларда
жəне шектерде нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға уəкілетті басқа
да лауазымды тұлғалар.
ҚР нотариат туралы заңының 37-бабына сəйкес нотариаттық
куəландырған құжаттарға:
- ауруханаларда, санаторийлерде, өзге де емдеу-алдын алу
мекемелерінде емделіп жатқан, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер
үйлерінде тұрып жатқан азаматтардың, осы ауруханалардың,
санаторийлердің, өзге де емдеу мекемелерінің бас жəне кезекші
дəрігерлері, сондай-ақ қарттар мен мүгедектер үйлерінің директор-
лары, бас дəрігерлері куəландырған өсиеттері;
- госпитальдарда, санаторийлерде жəне басқа да əскери-емдеу
мекемелерінде емделіп жатқан əскери қызметшілер мен басқа
адамдардың осы емдеу мекемелердің бастықтары, олардың орынба-
сарлары, аға жəне кезекші дəрігерлері куəландырған өсиеттері мен
сенімхаттары;
- əскери қызметшілердің, ал нотариустары мен нотариаттық
іс-əрекет тер жасауға уəкілетті лауазымды адамдары жоқ əскери
бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің, əскери-оқу орын дарының
орналасқан пункттерінде, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілердің,
олардың отбасы мүшелерінің жəне əскери қызметші лердің, олардың от-
басы мүшелерінің жəне əскери қызмет шілерінің отбасы мүшелерінің




47
осы бөлімдер, құрамалар, мекемелер мен орындардың командирлері
куəландырған өсиеттері мен сенімхаттары;
- бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың бас
бостандығынан айыру орындарының бастықтары куəландырған
өсиеттері мен сенімхаттары;
- ҚР туын көтеріп жүзіп жүрген теңіз мекемелерінде немесе ішкі
суларда жүзіп жүрген кемелердегі азаматтардың осы кемелердің ка-
питандары куəландырған өсиеттері;
- барлау жəне басқа да экспедицияларда жүрген азаматтардың
осы экспедициялардың бастықтары куəландырған өсиеттері;
- халықты əлеуметтік қорғау мекемелерінде тұрып жатқан
кəмелетке толған жастағы іс-əрекет қабілеті бар азаматтардың
осы мекемелердің немесе халықты əлеуметтік қорғаудың тиісті
органының басшысы куəландырған сенімхаттары теңестіріледі.
Жоғарыда аталған лауазымды адамдар өсиетті куəландырған
күннен бастап, он күннің ішінде, ал егер бұл дəлелді себептермен
мүмкін болмаса, мұндай мүмкіндік пайда болысымен куəландырған
өсиеттің бір данасын өсиет қалдырушының тұрғылықты жеріндегі
нотариусқа сақтауға дереу беруге міндетті.
Егер өсиет қалдырушының ҚР-да тұрақты тұрғылықты жері
болмаса немесе оның тұратын жері белгісіз болса, өсиет ҚР-ның
Əділет министрлігі белгілейтін нотариусқа жіберіледі. Нотариус
сақтауға келіп түскен өсиетті тексеруге жəне оның заңға сəйкес
келмейтіндігі анықталған жағдайда, тиісті дəрежеде ресімдеу үшін
өсиет қалдырушыға жəне өсиетті куəландырған лауазымды адамға
бұл туралы хабарлауға міндетті.
Куəландырған өсиеттердің уақтылы берілмеуі салдарынан
мұрагерге келтірілген шығын үшін лауазымды адам ҚР заңдарына
сəйкес жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет