Оқулық «Нотариат туралы»


 Республикалық нотариалдық палатасы жəне



бет17/109
Дата15.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#115491
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109
Байланысты:
Оқулық «Нотариат туралы»-emirsaba.org

4.4. Республикалық нотариалдық палатасы жəне 
оның құқықтық дəрежесі
Республикалық нотариалдық палатаның түсінігі жəне құқықтық
дəрежесі.
Республикалық нотариаттық палатаның қызметі ҚР Нотари-
ат туралы заңымен жəне жарғымен реттеледі. Республикалық
нотариаттық палата заңда белгіленген тəртіппен тіркелуі тиіс.
Республикалық нотариаттық палата мынадай өкілеттерге ие:
- нотариаттық палаталардың қызметін үйлестіріп отырады;
- мемлекеттік органдарда, мемлекеттік емес ұйымдарда, оның
ішінде шетелдік жəне халықаралық ұйымдарда нотариаттық палата-
лар мен нотариустардың мүдделерін білдіреді;
- ҚР Əділет министрлігінің нотариат мəселелері бойынша заң жо-
балары жөніндегі жəне сарапшылық қызметіне қатысады;
- Нотариустарды оқытуды ұйымдастырады;
- Нормативтік құқықтық актілерді əзірлеуге қатысады жəне нота-
риат мəселелері жөнінде əдістемелік материалдар əзірлейді;
- Нотариустың ар-ождан кодексін əзірлеп, бекітеді;
- Заңдарға жəне халықаралық шарттарға қайшы келмейтін өзге
де қызметті жүзеге асырады. Республикалық нотариаттық палата ҚР
Əділет министрлігіне өз қызметі туралы жыл сайын ақпарат беріп
отырады.
4.5. Нотариаттық палатаның жарғысы
Нотариаттық палатаның жарғысында:
1) атауы, қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлері;




43
2) палатаның құқықтары мен міндеттері;
3) мүше болу, мүшелікті тоқтата тұру жəне одан айырылу шарт-
тары мен тəртібі;
4) басшы органдарды құру тəртібі, олардың атқаратын қызметтері
мен өкілеттік мерзімі;
5) мүліктің қалыптасу көздері мен мүлік пен табысты пайдалану
тəртібі;
6) жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тəртібі;
7) палатаны қайта құру мен тарату тəртібі, таратылған жағдайдағы
мүліктің тағдыры көзделуге тиіс.
Нотариаттық əрекеттер жасау субъектілерінің жауапкершілігі
Нотариаттық іс-əрекеттер құпиясын сақтауды қамтамасыз ету
нотариус ретінде қызметін тоқтатқан тұлғаларға да таралады.
Ал жасалған нотариаттық іс-əрекеттер туралы əдейілеп мəлімет
таратқан тұлғалар заңнамаға сəйкес жауапкершілікке тартылады.
Нотариус іс-əрекеттеріндегі аталған принцип азаматтар мен
заңды тұлғалар үшін нормативтік кепілдік болып табылады.
Олардың жеке істері мен олар үшін маңызды коммерциялық немесе
басқа да ақпарат ешқайда таратылмай, болашақта да құпия күйінде
қалады. Нотариаттық іс-əрекеттер туралы мəліметтер соттың, тер-
геу жəне алдын ала тергеу органдарының өз өндірісіндегі істер бой-
ынша жазбаша талабы негізінде беріледі, прокуратура органдары-
на, əділет органдарына жəне нотариаттық палаталарға нотариустар
қызметін тексеру уəкілеттілігі берілген органдарға жазбаша талап
негізінде ғана беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет