Оқулық «Нотариат туралы»


 Вексельдер наразылықтарын жасау



бет37/106
Дата16.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#116298
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106
8.3. Вексельдер наразылықтарын жасау
Төлемеу, акцептемеу жəне акцепті даталамауда вексель
наразылығын нотариус Қазақстан Республикасының заң актілеріне
сəйкес жүргізеді. Акцептемеу, төлемеу, сондай-ақ акцептің
уақытын белгілемеу (қарапайым болсын, аудармалы болсын) ту-
ралы наразылықты нотариус оған вексель берілген сəттен бастап
бір күн ішінде, оған акцептемеу, төлемеу немесе акцептің уақытын
белгілемеу фактісін куəландыратын тиісті жазу жолымен жүргізеді.
Егер аудармалы вексельде оның акцептелуі туралы ескерту болса,
онда вексельдің акцептелуі жағдайында вексель бойынша төлемеу
туралы наразылық атқарушы құжат əрі оны төлеушінің шоты-
нан өндіріп алу үшін негіз болып табылады. Бұл ереже қарапайым
вексельді ұстаушыға да қолданылады.
Вексельдерге төлемеу наразылығын төлеуші тұратын жердегі
немесе төлеу орнындағы нотариус, ал акцептемеу жəне уақытын
белгілемеу жөніндегі вексель наразылығын – төлеуші орналасқан
жердегі нотариус жүргізеді.
Наразылыққа вексель қабылдау күнінде нотариус төлеушіге
немесе вексель ұстаушыға вексель төлемі немесе акцепті тура-
лы талаптар қояды. Егер төлеуші аудармалы вексельде акцепт
туралы белгі жасаса, вексель вексель ұстаушыға наразылықсыз
қайтарылады. Төлеуші вексельді төлеуден немесе акцептеуден
бас тартқан немесе нотариаттық кеңсеге келмеген жағдайда, но-
тариус Қазақстан Республикасының Əділет министрлігі бекіткен
белгіленген нысан бойынша төлемеу немесе акцептемеу жөніндегі
наразылық туралы акт жасайды жəне тізілімде тиісті жазу,
сондай-ақ вексельдің өзінің төленбегені немесе акцептелмегені
туралы белгі қояды.
Егер төлеушінің орналасқан жері белгісіз болса, вексель
наразылығы наразылық туралы актіде жəне тізілімде төлем немесе
вексельді акцептемеу туралы талапты ұсынбай жасалады. Наразылық
білдірілген вексель вексель ұстаушыға немесе ол өкілеттеген адамға
беріледі.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет