87
құрамында жұмыс малын, құсты, көп жылдық көшеттерді, тұқым
қорын, астықты, егістіктерді, басқа мүлікті, сондай-ақ шаруа
(фермерлік) қожалығының шаруашылық қызметі нəтижесінде
алынған басқа да өнімді атаса, онда мұндай мүлікті нотариус
тараптардың келісімі бойынша бағалайды, не олардың қалауы бой-
ынша бағалаушы-маман тізімдеме жасай отырып жүргізеді.
Мүлікті иеліктен алуға тыйым салынған жағдайда, куəліктердің
барлық түрлері тек несие берген банктің (заңды тұлғаның) не кепіл
ұстаушының рұқсатымен беріледі. Сот немесе тергеу органы салған
тыйым болған жағдайда, куəлік беру тыйым жойылғанға дейін
уақытша тоқтатылады.
Жұбайлардың немесе ортақ бірлескен меншік құқығында мүлкі
бар басқа адамдардың ортақ бірлескен меншігіндегі үлеске құқық
туралы куəлік құқық белгілейтін дербес құжат болып табыла-
ды. Сондықтан осындай куəліктер беру кезінде мүлікке құқық
белгілейтін құжаттар алынып тасталады жəне олар нотариуста
қалады.
Құқық белгілеуші құжат (куəліктің берілгені туралы белгісі
бар) нотариус жұбайлардың бірлескен меншігінде тұрған мүліктегі
үлеске меншік құқығы туралы куəлік бергенде жəне оларға қоса
мүліктің меншік иелері құрамында үлестері аталған жағдайда
айқындалмайтын басқа адамдар болғанда ғана қайтарылады. Бұл
ретте нотариустың iстерiнде құқық белгілейтiн құжаттың көшiрмесi
қалады.
Нотариус қолданылып жүрген заңдарға сəйкес мемлекеттік
тіркеуге жататын ортақ мүліктегі үлеске меншік құқығы куəліктің
белгіленген тəртіппен тіркелуге тиіс екендігін түсіндіреді. Тұрғын
үйге (саяжайға), үйдің (саяжайдың) бөлігіне пəтерге меншік құқығы
туралы куəлік олардың тұрғын жері бойынша беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: