Өзін-өзі тексеруге арналған бақылау сұрақтары 1. Қолданыстағы заңнама нормаларына сəйкес, ҚР нотариус-
тарының қандай іс-əрекеттер жасауға құқықтары бар?
2. Жергілікті атқарушы органның лауазымды адамдары қандай
нотариаттық іс-əрекеттерді жасауға уəкілетті болып табылады?
3. Консулдық қызметті жүзеге асыратын лауазымды адамға
қолданыстағы заңнама қандай нотариаттық іс-əрекеттер жасау
құқығын береді?
48 4. Қолданыстағы заңнамаға сəйкес нотариаттық іс-əрекет жасауға
басты негіз болып табылатын азаматтардың əрекет қабілеттілігі
дегеніміз не?
5. Əрекет қабілеттілігінің қандай түрлері бар?
6. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі дегеніміз не?
7. Нотариаттық тəртіппен рəсімделетін құжаттарға қол қоюға
байланысты қандай нормативтік талаптар көзделген?
8. Нотариаттық іс-əрекет жасау үшін ұсынылатын құжаттарға
қандай нормативтік талаптар көзделген?
9. Нотариаттық куəландыру үшін ұсынылған құжаттың
түпнұсқалығын анықтау туралы нотариус қаулысында қандай мəн-
жайлар қамтылуы қажет?
10. Нотариаттық іс-əрекеттерді жасау қандай жағдайларда
кейінге қалдырылуы мүмкін?
11. Заңнама талаптары бойынша қандай жағдайларда нотариаттық
іс-əрекет жасаудан бас тартуға негіздеме бар?
49 6-ТАРАУ НОТАРИАТТЫҚ ІС-ƏРЕКЕТТЕР ЖАСАУДАҒЫ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 6.1. Нотариаттық iс-əрекеттер жасау жəне тоқтата тұру тəртібі 6.2. Нотариаттық іс-əрекеттер жасаудан бас тарту 6.3. Нотариаттық іс қағаздарын жүргізудің жалпы ережелері. 6.4. Нотариаттық мұрағат жəне істерді сақтау. 6.1. Нотариаттық iс-əрекеттер жасау жəне