Оқулық «Нотариат туралы»



бет1/109
Дата18.10.2023
өлшемі0,63 Mb.
#118774
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109

Оқулық «Нотариат туралы»









3
АЛҒЫ СӨЗ
Бұл оқулық «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының
Заңымен белгіленген құзіреттер шегінде, нотариаттық іс-əрекеттер
жасауы кезінде, мемлекеттік нотариустардың жəне жеке прак-
тикамен айналысатын нотариустардың, сондай-ақ нотариаттық
іс-əрекеттер жасауға, уəкілдік берілген жергілікті атқарушы
органдардың лауазымды адамдардың жəне консульдық міндетті
атқарушы адамдардың Қазақстан Республикасының атынан
нотариаттық іс-əрекеттер жасау тəртібін белгілейді.
Оқулық қазіргі нотариат жүйесінің қалыптасу жəне даму
ерекшеліктерін саралаумен қатар, дамыған елдердегі нотариаттық
қызметтің беделділігін, қадірменділігін көрсетуге тырысуы арқылы
оқушылардың бұл пəнге, қызметке ынталылығын арттырады деген
үміттеміз.
Қазақстан Республикасында 1997 жылғы 14 шілдеде «Нотариат
туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған соң еркін,
бюджеттен тыс нотариат құрылып, елімізде нотариат ұйымдарын
реформалау жүзеге асырылды.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы бюджеттен тыс
нотариаттық кеңселер азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары
мен заңды мүдделерін қамтамасыз ететін жаңа қалыптасқан əрі
ұйымдасқан органдар жүйесіне айналды.
Оқулықта нотариаттық тəжірибеде өте жиі кездесетін ережелер
мен процедуралар қамтылды. Бұл оқулықтың құралын жазудағы
тағы бір міндет – заңгер маманы болып табылмайтын адамдар біле
бермейтін сұрақтарды саралау. Тіпті заңгерлер арасында да нота-
риус қызметінің өзіндік ерекшелігін толық білмейтіндері кездеседі,
шындығына келгенде нотариус қызметі күрделі, жауапты жəне өте
көп еңбектенуді қажет етеді. Осыған орай, автор бұл оқулықтың кең
ауқымды оқырмандар қауымына пайдасы тиер деп үміттенеді, себебі
мұнда бірқатар күнделікті жиі кездесетін нотариаттық əрекеттердің
мəні мен мазмұны айқындалып, оларды жүзеге асыру ережелері
жөнінде терең түсінік беріледі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет