65
жүгіну тəртібін түсіндіреді. Əрбір қатысушыға қатысты пайда-
лану тəртібі туралы шартта ол пайдалануға құқылы жылжымай-
тын мүліктің
нақты бөлігі, олардың реттік нөмірі мен мөлшерін
көрсетумен техникалық құжаттың атауы көрсетіледі.
Нотариус жылжымайтын мүліктің заңдастырылмаған бөліктерін
пайдалану тəртібін белгілеуші шартты куəландыруға құқылы емес.
Мүлікті пайдалану тəртібі туралы шартты куəландыру кезінде та-
раптар жер учаскесін пайдалану тəртібін айқындап та, айқындамай
да жер учаскесіндегі тұрғын үйді пайдалану тəртібін белгілеуге
құқылы.
Жылжымайтын мүлікті пайдаланудың тəртібі туралы шарт дер-
бес құқық белгілеуші құжат болып табылмайды, ол құқық белгілеуші
құжатқа қосымша ретінде жүреді жəне заңмен белгіленген тəртіпте
мемлекеттік тіркеуге жатады. Егер ортақ бірлестік немесе бірлескен
меншікке қатысушылар ортақ меншік тəртібін тоқтатқысы келсе,
нотариус оларға мүлікті пайдалану тəртібі мен мүлікті бөлу шар-
тын бекітудің құқықтық
салдарының айырмашылығын, сондай-ақ
соңғысының жасалу шарттары мен тəртібін түсіндіреді.
3. Нотариус ортақ бірлескен немесе үлестік меншіктегі мүлікті
бөлу туралы шарттарды куəландырады.
Тұрғын үйді немесе пəтерді сол тұрған қалпында бөлу үй-
жайдың тұрғын жайы да, қосымша жайлары да бөлгеннен кейін
бірнеше тұлғаның меншігінде немесе пайдалануында қалмайтын
жағдайда мүмкін болады. Сондықтан егер бөлінген бөлікте жеке есік
шығарудың жəне қажетті қосымша
жаймен қайта жабдықтаудың
техникалық мүмкіндігі болмаса, тұрғын үйді немесе пəтерді бөлуді
куəландыруға нотариустың құқығы жоқ.. Бұл жағдайда нотариус
мүдделі адамдарға олармен мүлікті пайдалану тəртібі туралы шарт
жасалуы мүмкін екендігін түсіндіреді.
Жылжымайтын мүлікті бөлу кезінде ортақ пайдаланылатын
үйдің төбесі, іргетасы, үй астындағы жер учаскесі бөлінбейтіндіктен
ортақ үлес меншігінде қалады. Үй жанындағы жер учаскесі, жер
учаскесін бөлу жер учаскесіне құқықты куəландыратын құжатта
көрсетілсе, немесе бөлу кезінде
жекеменшікке ауысқан жылжы-
майтын мүлік бөлігінің мөлшеріне пара-пар үлес көрсетіле оты-
рып ортақ меншік үлесінде қалдырылған жағдайда бөлінуі мүмкін.
Ортақ меншікке қатысушылар арасындағы келісім бойынша тұрғын
емес үй-жайды бөлу шартын бекіту кезінде ортақ пайдаланудағы
басқа да орындар қалдырылуы мүмкін. Мүлікті бөлгеннен кейін
5–221
66
ортақ үлестік меншікте қалатын мүлік бөлігі дербес объект ретінде
бөлініп, оған дербес кадастрлық нөмір беріледі,
басқа бөліктері
бұрынғы қосалқы меншік иелерінің жекеменшігіне көшеді.
Тұрғын үй-жайды алу туралы шарттың мəтінінде əрбір бұрынғы
меншік иесіне ауысқан жиынтық пайдалы алаңның, тұрғын үйдің
жалпы пайдалы алаңына қатынасы арифметика тілімен көрсетілуі
керек, сондай-ақ жалпы үлестік меншікте қалатын объектілер
көрсетілуі керек.
Тұрғын емес үй-жайды бөлу, бөлу туралы шарттың мəтінінде
əрбір бұрынғы меншік иесінің меншігіне ауысқан үй-жайлардың,
барлық үй-жайдың жалпы жиынтық ортақ ауданына қатысы
арифметика тілімен көрсетілуі керек. Егер ортақ үлеске дəліздер,
баспалдақ аралығы, т.б. жатса,
нотариус арифметика тілімен
олардың жалпы ауданының барлық үй-жайдың жалпы жиынтық
ауданына, сондай-ақ бұрынғы қосалқы меншік иелерінің бөлуден
кейін олардың жекеменшігіне жатқызылған жылжымайтын
мүліктің мөлшеріне пара-пар есептелген жалпы пайдалану
орындарына жалпы үлестік меншігіндегі үлестерінің мөлшерін
көрсетуі керек.
Нотариус сонымен бірге ол бойынша жалпы үлестік немесе
бірлескен меншікке қатысушылардың барлығының келісімі бойынша
қатысушылардың біреуі немесе бірнешеуі жалпы мүліктің нақтылы
бөлігін, оның ішінде тұрғын үйдің жеке бөлігін меншікке ала алады,
ал басқа бөлігі қалған қатысушылардың жалпы меншігінде қалады.
Нотариус жұбайлардың мүлкін бөлу кезінде ортақ бірлескен меншік
режимін жəне неке бұзудың мүліктік салдарын анықтайтын некелік
келісімшарттың бар-жоғын анықтайды. Мұндай келісімшарт болған
жағдайда мүлікті бөлу неке келісімшартында белгіленген тəртіп пен
шартқа сəйкес жүргізіледі.
Жылжымайтын мүлікті
бөлу туралы шартты, сондай-ақ
мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікті бөлу шартын куəландыру
кезінде нотариус:
- белгіленген тəртіпте тіркелген құқық белгілеуші құжатты;
- Құқықтық кадастрдың тіркеу парағынан көшірмені;
- Бөлу сəтіндегі жылжымайтын мүліктің техникалық сипаттама-
сы туралы анықтамаларды талап етеді. Егер бұл тараптар келісімінде
көзделсе, мүлікті бағалау актісі талап етіледі.
Мүлікті бөлу туралы шарт заңмен белгіленген тəртіп бойынша
мемлекеттік тіркелуге жатады. Үлесті бөлу кезінде құқық белгілеуші