5
(селолық) округтердiң əкiмдерi аппараттарының нотариаттық iс-
əрекеттер жасауға уəкiлеттi лауазымды адамдарының құқықтары
бар.
Қазақстан Республикасының нотариаты нотариат-құқықтар мен
фактілерді куəландыруға, сондай-ақ
заңдарда көзделген өзге де
міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-əрекеттерді
жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Нотариат біздің еліміздегі құқық қорғау органдарының арасын-
да маңызды рөлге ие, ол құқықтар мен фактiлердi куəландыруға,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
өзге де мiндеттердi жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық iс-
əрекеттердi жасау арқылы жеке жəне заңды тұлғалардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн қорғаудың заң жүзiнде бекiтiлген жүйесi.
Экономикалық реформаны əрі қарай тереңдету мақсатында жəне
азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік қатынастарын қорғауды
қамтамасыз етудің қажеттілігі жағдайында нотариат органдарының
қызметі ерекше маңызға ие болады.
Нотариалдық органдардың қызметінiң мəнi – алынған құқықтың
нақтылығын жəне оларды қойылған заң формасында бекiтілуін
қамтамасыз ету. Нотариат органдары өз қызметтерiнде Қазақстан
Республикасының заңдарын жəне ратификацияландырылған халық-
аралық шарттарды негiзге алады.
Нотариалдық органдар азаматтық
құқықтарын іске асыруға
мүмкіндік туғызады жəне болуы мүмкін бұзушылықтырдың ал-
дын алады. Мысалы, нотариустар мұра құқығы туралы куəлiктерін
беру кезінде еңбекке жарамсыз мұрагер жəне кəмелетке толмаған
азаматтардың құқығының бұзылмағындығын қатал қадағалайды.
Құқық бұзушылықтарын анықтаған жағдайда, ол жөнінде құзыретті
немесе құқық қорғау органдарға дер кезінде хабарлауға тиіс. Но-
тариат органдарының жеке жəне
заңды тұлғалардың құқығын
қорғаудағы міндеті мен сот міндеттерінің ортақ сəйкестіктері көп,
дегенмен олар тек нотариаттарға тəн ескерту міндетімен іске асады.
Соттық таласу кезінде нотариалдық куəландырылған келісімшарт
мүдделі тарапқа өз құқығын қорғауда жеңілдігін береді,
өйткені
келесім жасасқан тараптардың міндеттері мен құқықтары, қол
қоюларының растығы, келісімшарт жасасқан уақыты, нотариалдық
органмен ресми расталған, талассыз жəне сенімді болып табылады.