16
нығайтудағы нотариаттың рөлін; нотариаттық іс-əрекеттерді жа-
сау тəртібін, құқық нормалары мен оларды нотариат органдарының
тəжірибеде қолдануының арасындағы тығыз байланысты түсіндіру
болып табылады.
Курстың міндеттеріне: құқықтың
қажетті қайнар көздерімен,
нотариаттық құқықтың концептуалды
проблемаларымен танысу,
нотариат туралы маңызды нормативтік құқықтық актілерді меңгеру
жəне нақты мəселелерді шешу кезінде оларды дұрыс қолдана білу
жатады. Нотариаттық əрекеттерді тіркеу тізілімдерінің, нотари-
ат куəліктерінің, куəландырылатын құжаттар мен мəмілелердегі
куəландырушы жазбалардың нысандарымен танысуы қажет.
Студенттерде сонымен бірге нотариустардың
құқықтары мен
міндеттері, нотариаттық қызметпен айналысу құқығынан үміткердің
жəне нотариаттық практикамен айналысатын нотариустың кəсіби
біліміне, тəжірибесіне жəне жеке қасиеттеріне қойылатын талаптар
туралы нақты түсінік болуы керек.
«Қазақстан Республикасының нотариаты» курсын меңгеру
азаматтық, отбасылық, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, əкімшілік
құқығы тəрізді пəндерден алынған білімдерге негізделеді, өйткені
аталған пəндердің шегінде мемлекеттік органдардың жүйесі,
субъективтік құқықтарды қорғау нысандары, сəйкес құқықтық
қатынастардың мазмұны
мен олардың субъектілері, құқықтық
қатынастардың пайда болу, өзгеру жəне
тоқтатылу не оларды жа-
рамсыз деп тану негіздемелері туралы мəселелер оқылады.
Достарыңызбен бөлісу: