кұндылыктар жүйесі (Құдай, Акиқат, Әлем, Ақьш-ой) бұзылып, антик дэуірі мен Жаңа заманның классикалык мұрасы деконструкцияга ұшырады. XX ғасырда адамдар коршаған ортаның осалдығын онан сайын сезіне түсті. Бұрынғы өтпелі кезендердегідей (мысалы, Парменид дэуірі) адамзат өзін гул дыр, тұрлаусыз, түбірсіз сезіне бастады. Әлемде сүйеніш болмаса, кепілдік болмаса, ақыл-ой бэрін реттеп, кайта ұйымдастырып, үйлесімділікті камтамасыз ете алмаса, болмысты теріске шығару пайда болады. Әлемдегі адам болмысының негізін нигилизм кұрайды. Сартрдың айтуынша, өз болмысындағы адамның нактылығы касірет нақтылығына айналады, өйткені ойдың «рационалдануы» мен «этикалануы» адамды болмыстан алшактатудың бастамасы болып табылады (М. Хайдеггер). Хайдеггердің пікірінше, әлем туралы рефлексия жасауға ұмтылу, бәрін ұгынып жэне дәлелдеуге тырысу адам мен әлем арасындағы тутастыкты қиратып, нигилизмге алып келеді. Нигилизмнен кұтылу үшін адамның болмыска «кұлақ түре білу» кабілетін қайтару кажет. Ал бул үшін болмыс туралы немесе болмыстың мэні туралы сұрак кою керек. Бүл сүрақты капай кою керек? Болмыс туралы мүндай сұракты тек адамдар ғана қоя алады. Біз тек кана бар емеспіз, боламыз да, біздің болмыс туралы сүрауға мүмкіндігіміз бар. М. Хайдеггер мәселенің осылай койылуы ғана бірден-бір дүрыс ракурс деп есептейді. Хайдеггер былай деп сұрак кояды: «Болмыс мәселесі кім үшін маңызды жэне оның кандай мэні бар?» Ол үшін болмыс туралы сүрак мэн-мағынаға толы. Осылай мәселені өзгертіп коя отырып, М. Хайдеггер адамзат мәдениеті дамуыньщ әр түрлі тарихи дәуірлерінде ойшьшдардың болмысты калай түсінгендіктері туралы ой козғайды. Ол