ілім (проективті геометрия) жэне акырында бізге күнделікті тәжірибеден жэне мектеп курсынан белгілі евклидтік геометрия бөлініп шыкты. Мұнда мынадай маңызды нэрсені ескеру керек. Біз күнделікті бакьшайтын сыртқы заттардың кеңістіктік сипаттамалары математиктердің ойша кұрылымдарында заттардың жалпы сипаттамасының соңғы логикалык салдары (мұның алғашкьшары о баста математиктер үшін бастапқы пункт болғанына карамастан) екендігінен бүл кеңістіктік сипаттамаларды математиктер ойлап шығарған, ал заттардың өздері оларға ие бола алмайды деген пікір туындамауы керек. Алайда неопозитивистер дэл осьшай түйін жасайды. Р. Карнаптың көрсетуінше, көпшілік теориясы негізінде біз «тэжірибе жэне пайымдаумен аныкталатын логикалык емес кұрамдас бөліктерге бағынбайтын» катынастар күрылымын күрастырып жэне ешкандай кашыктық та, түзулік те жок топологиялык көпөлшемді кеңістік калыптастырамыз. Демек, жаратылыстанымньщ жэне біздің күнделікті өміріміздің кеңістігі - бүл ешқандай тәжірибеге де, ешкандай сыртқы элем заттарына да катысы жок, біздің ақыл-ойымыздың туындысы. Келесі бір позитивист Ганс Рейхенбах (1891-1953) физикада тегі бір құбылыстарды кейде эр түрлі теориялар сипаттайтын жағдайын ескере отырып, барлык теориялар, оның ішінде уакыт теориясы да ғалымның белгілі бір тілді колдануға шешім кабылдағанын ғана білдіреді, ал уакыттык катынастардың объективті өмір сүруі туралы сөз козғаудың мәні жоқ деп есептейді. Әдетте, уақыт өткеннен казіргі арқылы болашаққа карай ағады деп айтады. Алайда дэл сол негізде ол болашактан өткенге карай, ал шын нақтылыктың өзінде ешкандай уақыт