функциясы да тыйым салу функциясынан туындайды. Әрбір ғалым өз мәселелеріне шығармашылык тұрғыда келуі мүмкін, алайда бұл 177
шығармашылық теория заңдарының белгілі бір шекараларымен шектеледі жэне сонымен реттеледі. Егер ғылыми шығармашылық бекітілген ережелерге бағынбаса, онда не жаңа теория шығару кажет, не ескісін кайта кұру кажет, ең болмағанда берілген ншғарманшлык идеяны кате деп мойындау қажет: реттеушілік шығармашылыкка тыйым салмайды, бірак оның нэтижелеріне дэл баға беру мен оның каншалыкты өзін аныктайтындығын түсінуді талап етеді. Акырында зандардың жүйелеуші функциясы берілген пәндік саладағы элементтер мен жай-жүйелерінің арасындағы өзара бағыныштылык (субординация) пен өзара әрекетін бекітуге мүмкіндік береді. Мұның салдарында оны күрделі кызмет етуші жэне дамушы ретінде карастыруға, соның нәтижесінде ғылыми зерттеуді карапайымдандыру мен жеңілдетуге мүмкіндік болады. Ендігі жерде біз танымның өзге формаларымен салыстырғанда ғылыми танымның ерекшелігі не деген сұрақка алдын-ала жауап бере аламыз. Ғылымның кұрамына эркашанда теориялык білімдер кіреді. Оның мазмұнын жекелеген гипотезалар, зандар жэне катаң кұрастырылған ғылыми теориялар кұрайды. Әрине, мұндай теориялар бірден пайда болмайды. Олар ғылыми танымның тарихи дамуының нәтижесі. Физика ертедегі Грекия дэуірінде-ак пайда болғанымен қатаң физикалык теориялар XVII ғасырда ғана калыптаса бастады. Химия мен биологиядағы мұндай теориялар XVIII жэне XIX ғасырларда пайда болды. Ғылыми теориялардың белгілі бір білім мен практиканың