аудару - Хайдеггердің сіңірген еңбегі, ал бүл тақырыппен онан әрі интеллектуалдық жүмыс жасау болмыс мэселесін қоюдагы өзгерістерге сай ізденістермен қатар, интеллектуалдык эрекет ережелерін қайта карауға әкелетін ойлау тэсілінін өзін өзгертумен байланысты болды. Құндылыктар релятивтілігі, оның бүрынғы жүйесінің негациясы, кұндылыктардың, бағалаулардың, көзқарастардың плюрализмі мен интеллектуалдык күрылғылар эллектизмі барлық нэрселердің өзгермелілігі, агымдылығы туралы тақырыптың көкейкестілігіне алып келді. Ендігі жерде әлемде ешқандай мэңгілікке берілген абсолютгілік жоқ екендігі, ешқандай да тіреуіш жоқ жэне болмыстың абсолюттік өлшемі болатындай ешқандай максима жоқ екендігі белгілі болды. Жүріс-тұрыстағы, карым-қатынастағы релятивизм, адамның болмысы мен ойлауындагы релятивизм — міне, осыларды ғана аңгаруға болады! Демек, бэрі өзгерісте болып, түрақты ешнәрсе болмаса, оңда бүл өмірде ғүмыр сүруге бола ма?! Шындьпында да, өмірдің өзгермелілігін ангару жүзеге асып жатқан нәрселердің жеделділігін, қазіргінің лезде өткенге айналып кетушілігін күшейте түсті. Мүндай ахуалға тал болтан адамға қалай түрақтауға, қалай болуға болады? Әлде, әлемде өзінің керексіздігі мен жалгыздығын сезінген ахуалда басына түскен сизифтік 124
жазмышпен көндіккен дұрыс па? Егер М. Хайдеггер жэне Ж.П. Сартр «нағыз болмыс» (Ж.П. Сартр) пен «жалған болмыстың» шекараларын айкындаса, онда «Бөрі өзгерісте жэне ағымда болған ахуалда капай болу керек?» деген такырыпты философ-постмодернистер өздерінше түсіндіруге тырысты.