басты интеллектуалдык мұра” (О.Сүлейменов. Язык письма. Алматы-Рим, 1998, 203-бет.). Тіл калыптасуының тарихи процесінін өзі элемді ассоциативті кабылдауға, нактылыкты көркем бейнелеуге дайындады. Әдебиет өзінің эртүрлі жанрларында эрекетті драмалык түрғыда кайта қалпына келтіру аркылы, 300
окиғаларды этикалык тұрғыда баяндау аркылы немесе адамның ішкі элемін лирикалык тұрғыда ашу аркылы осы материалдарды камтиды. Театр. Театр - әлемді драмалык эрекет аркылы көркемдік тұрғыда игеретін, оны актерлар көрерменнің көз алдында іске асыратын өнер түрі. Театрдың негізі - драматургия. Сонымен катар ол өз кұрамына живописьті, мусін өнерін, кейде сәулет өнерін (декорация), кейде кино, музыка, би өнерлерін де енгізеді. Театр өнерінің синтетикалылығы оның ұжымдык сипатымен аныкталады: спектакльде драматургтың, суретшінің, сазгердің, актердің шығармашылык күш-жігерлері біріктіріледі. Театрдағы көркемдік бейненің “кұрылыс материалы” - тірі адам, актер. Драматург пен режиссердің ойы актер аркылы іске асады. Ол сахнадағы барльщ нэрсеге театралдьшык береді. Сахнада бѳлменіц интерьерін, пейзажды, кала кѳшесініц кейпін дэл беруге болады, алайда, егер актер өзінің сахналык эрекетімен шындыкты тірілтпесе, бұл декорацияның бэрі ѳлі бутафория болып кала береді. Жэне, керісінше, актер пъесаның іс-эрекетіне сай жагдай мен ортадағы адамның бейнесін дэл, толык бере алса, коршаған ортаның ец жалпы деген белгілерінің ѳзі (мысалы, Шекспир театрындагы сиякты,“бак”, “дала” немесе “сарай”