Дәріс 13 Мектеп жасына дейінгі балалардың математикалық түсініктерін дамыту жұмыс
тарын жоспарлау
Мақсаты: Студенттерге ойын жаттығуларының маңызын түсіндіру. Ойын жаттығуларын ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру
Дәріске керекті құралдар: оқулықтар, оқу-әдістемелік нұсқаулар, бағдарламалар.
Студенттерді ойландыратын сұрақтар:
Ойын жаттығуларының маңызын қалай түсінесің? Ойын жаттығуларына не жатады? Көрнекіліктердің маңызы қандай?
Дәріс жоспары:
Ойын жаттығуларының құрылымы
Жас ерекшелігіне сай топтардағы ойын жаттығуларының ерекшеліктері.
Ойын жаттығулар түрлері.
Дәріс барысы:
Мектеп жасына дейінгі ересектер тобындағы балалардың ой-өрісін қызықты математикалық есептерді шешуге даярлау.
1.Балаларды ой -өрісін дамытудағы қызықты математиканың атқаратын ролі.
Есепті шешу ой-өрістің жетілуіндегі балалардың білімін есептік қиялын, уақыт өлшеміндегі ойлану тәсілін жетілдіреді. Бұл үшін бірнеше тәсіл пайдаланылады, мысалы әртүрлі ойындар.
Қызықты математика дегеніміз - білім жетілдірудің бір тәсілі, математикалық ілімдерді балаларға ұғындырады. Оның құрамына қызықты сұрақтар, күлдіргі есептер, ойындар, шытырман, логикалық есептер жатады. Қолданбалы есеп, басқатырғы ойлау қабілеті заңдылығына байланысты жасалады. Басқатырғыны шешуді толық қорытындылау, есептеудің ерекшелігін білдіреді. Басқатырғыны шешу оны толық түсінгеннен және оны қорытындылау жағдайында болады.
Совет психологы, мұғалімі Я.А.Пономарев, В.А.Крутецкий, Б.А.Кордемский, А. Насыров балалардың ойлау қабілетін жетілдірудегі есеп-қисаптарды тапты.
Б.А. Кордемский болжауынша ой есебі балалардың ойлау қабілетін жетілдіреді: математикалық белсенділікті, сезімталдықты, ойлау қабілетін, сезімтал шексіз ойлау қабілетін. Ой есебі балаларды қандай жағдайда болмасын өз бетінше шешуге үйретеді. Ой есебін балалардың шешуі жаңа жағдайларды ойлауымен келеді. Бұл жағдай балалардың мінез-құлқына байланысты.
Тәжірбие жүзінде табу үшін әр түрлі амал қажет. Көп балалар жасына байланысты ойлау қабілеті, есепті шешуі әр түрлі жағдайда бітеді. Оқытудың әсеріне өзгертеді: тәжірбиеден гөрі ойлауға саны азаяды, себебі олардың ой жүйесі жетілген.
Тапсырмаларды табу, шешудің ережесі: болжау, амалды табу жолын білдіреді. Болжау балалардың ойлау қабілетінің жетілгенін және сезімталдығын арттырады. Белсенділік еңбектенудің ерекше түрі шешімділік болып табылады. Ол қорытындыда салыстыру, араласу, байланыстыру, қорытындылау, шешім қабылдауда, ой тұжырымдауда білінеді.
Қабілеттіліктің пайда болуы ойлай білу жағдайына байланысты, ара қатынасы тұрақтандырады, негізінде жағдайды болжау тұрақтанады, тұжырымдалады. Сезімталдық білімділікті танытады.
Балаларда пайда болған қабілеттілік, сезімталдық есеп шешудегі қабілеттіліктің артуы, амалдарды білуінің қортындысы негізі принципі түсінуінен жай амалды шешу одан да күрделендіріп шешуге ұмтылдырады. Қолданбалы есепті шешу балаларды өз бетінше шешуге ұмтылдырады.
Есепті шешкен бала, әр түрлі ойлау қабілеті өз бетінше, дұрыс болжай білуге көмектеседі, яғни қарапайым математикалы қолданбалы ойындар, балалардың есепке деген қабілеттілігін ары қарай жетілдіруге, ойлау қабілетін арттыруға, сезімталдыққа үйретеді.
Жас баланың ойлау қабілетін дамытып жетілдіру үшін математикалық амалдарды шешу және де логикалық есеп ойындар қолданылады. Бұл логикалық есептер ойындар арқылы жалпы логика, есептеу, ойлау сөздеріне жас баланың түсінігін арттырып, амалдарды шешуге көмегін тигізеді. Мысалы, балаларға «басқатырғыш» шешу үшін оның берілгенін оқып логикалық қабілеті арқылы сол « басқатырғышты» шешуі қажет. Сондықтан сол басқатырғыштың берілгенін жақсылап талқылап, ойланып шешуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |