Дәріс 11 Балаларда кеңістік ұғымын қалыптастыру әдістемесі
Мақсаты: Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру туралы ұғымдарын жетілдіру. Негізгі кеңістік атаулары туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Дәріске керекті құралдар: оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар.
Студенттерді ойландыратын сұрақтар:
Кеңістікті бағдарлауға дағдыландыру не үшін қажет? Қандай негізгі кеңістік атаулары бар? Кеңістікті бағдарлауға үйретудің басты ерекшеліктері қандай?
Дәріс жоспары:
1. Балаларда кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру ерекшеліктері.
2. Кеңістікті бағдарлау түсінігінің мазмұны мен міндеттері.
3. Оқулық бойынша кеңістікті бағдарлау тақырыбының басты мазмұны.
Дәріс барысы:
Адамның кеңістікті бағдарлау проблемасы кең әрі көп қырлы. Оған шама мен форма туралы түсініктермен қатар кеңістік айыруда кеңістікті қабылдауда да алуан түрлі кеңістік қатынастарын түсінуде енеді. Нәрсенің кеңістігі басқа нәрселер арасындағы қалпын анықтау тереңдікті қабылдау тағы басқа енеді.
Кеңістік түсініктерді және кеңістік бағдарлау тәсілдерін қалыптастыруда алуан түрлі анализаторлар қатысады. Есіту, иіс сезу, көріп білуі сипап сезу және кинестетикалық т.б.
Алайда кішкене балаларда кинестетикалық және көру анализаторларының атқаратын ролі ерекше. Кеңістікті бағдарлау тікелей кеңістік қабылдау негізінде және де кеңістік категорияларын (орны, қалпы, қашықтығы, нәрселер арасындағы кеңістік) сөздермен өрнектеп айту арқылы жүзеге асады. Кеңістікті бағдарлау ұғымына қашықтықтарды, өлшемдерді, форманы нәрселердің өзара орналасуын және олардың бағдарланушы денеге қарағандағы орнын бағалау енеді.
Кеңістікті бағдарлау тар мағынада жер бетінде бағдарлау деп түсінеміз, яғни бірінші тұрған нүктемен анықтау
2) кеңістікте бағдарлаушы адамға қарағандағы айнала қоршаған объектілердің локализациясы оған мысал: оң жақта терезе, ал есік менің сол жағында;
3) Кеңістіктегі нәрселердің бір-біріне қарағандағы орнын анықтау. Яғни олардың арасындағы кеңістік қатынастарды мысалы, қуыршақтың оң жағында қонжық отыр, ал сол жағында доп тұр. Қозғалыс кезінде кеңістікті бағдарлай білу қажет. Тек осы жағдайда ғана жер бетіндегі бір нүктемен екінші нүктеге орын ауыстыру мүмкін. Бұл жердегі басты мәселе үшеу: 1) мақсат қою, 2) маршрутын белгілеу, 3) қозғалыс үстінде бағытты сақтап отыру және мақсатқа жету. Зерттеуге қарағанда кеңістікті қабылдау 4-5 аптада-ақ білінеді. Нәресте 1-1,5 метр жердегі нәрсеге көз тоқтатып қарайды. Қозғалып бара жатқан нәрседен көз айырмай қарайтын кез 2-4 айда байқалады. Алғаш кезде көзін кенет аударып қараса кейін кеңістікті қозғалып бара жатқан нәрседен көзін айырмай қарайды. Кеңістік туралы ұғым осылай бірте-бірте қалыптаса бастайды.
Бес жасқа қарағанда кеңістікті бағдарлау жөнінен жасқа қарағанда кеңістікті бағдарлау жөнінен өткізілетін сабақтар «Ненің қайда тұрғанын тап» типтес ойын іспеттес болуы тиіс. Мәселен, үстем жанына шақырылған бала өзінің алдында, артында, оң жағында, жоғары жағында, төменгі жағында не тұрғанын анықтауы тиіс. Басқалары оның жауаптарының дұрыстығын тексереді.
Сонан соң баланың көзін жұмғызып, оның тұрған қалпын өзгертеді. Көзін ашып, ол енді өзінің әр тұсында не тұрғанын атап шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |