2.4 Дәріс А.М.Леушинаның мектеп жасына дейінгілердің математикалық ұғымдарын дамыту мәселелеріне қосқан үлесі.
Мақсаты: Студенттерге А.М.Леушинаның өмірі мен педагогикалық қызметі туралы ұғым беру. Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру әдістемесінің негізін қалаушы ретіндегі еңбегін жан-жақты түсіндіру, А.М.Леушина еңбектерін талдауға баулу.
Дәріске керекті құралдар: А.М.Леушинаның оқу-әдістемелік еңбектері.
Студенттерді ойландыратын сұрақтар:
1. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің негізін салушы?
2. А.М.Леушинаның басты әдістемелік тұжырымдамасы қандай?
3. Сандар туралы ұғымдарын қалыптастыруда қандай көрнекті құралдар қолданылады?
4. Леушинаның қандай еңбектерін білесіңдер?
Дәріс жоспары:
1. А.М.Леушина әдістеменің ғылыми, теориялық және психология-педагогикалық негізін салушы.
2. 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін әдістемесінің басты бағыттары, ерекшеліктері.
3. А.М.Леушинаның әдістемелік тұжырымдамалары.
4. А.М.Леушинаның ғылыми еңбектерін талдау.
Дәріс барысы: А.М.Леушина мектеп жасына дейінгі балалардың сандық ұғымдарын дамыту мәселелерін 40-шы жылдардан бастап қолға ала бастады. Оның әдістемесін басшылыққа ала отырып әдістеме теориялық, ғылыми және психологиялық-педагогикалық негізге ие болды. Балабақшадағы мақсатты оқыту негізінде балалардың сандық ұғымдарын дамыту заңдылықтары жолға қойыла бастады. Автордың әдістемелік тұжырымдамасы көп жылғы тәжірибе және ғылыми-теориялық жұмыстары нәтижесінде қалыптасты.
А.М.Леушина қарапайым математика ұғымдарды қалыптастырудың дидактикалық жүйесінің негіздерін қалап, 3, 4, 5 және 6 жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс түрлерінің, бағдарламасын, мазмұнын, әдісі мен тәсілдерін жолға қойды.
А.М.Леушина тұжырымдамасының басты қағидалары мыналар: заттар жиындарын қабылдауда ондағы жекелеген элементтерді ажыратуға үйрету, оларды салыстыруға дағдыландыру («қанша болса сонша, өзара тең, үлкен кіші, аз, көп т.б. ұғымдарымен таныстыру, 2 жиынды салыстыра отырып санау дағдыларын қалыптастыру. Бала көрнекі құралдар негізінде салыстыра отырып сандардың реттілігін ұғына бастайды. Қарапайым арифметикалық амалдарды қолдана білуге дағдылана бастайды. Балалардың сан туралы ұғымдары бірнеше зат жиындарын өзара салыстыру барысында қалыптасады. Осының нәтижесінде олар реттік және топтау сандарын меңгере бастайды.
А.М.Леушина әдістемесіне бойынша қарапайым есептеу амалдарымен таныстыру барысында сандар, амалдар қолдану, сандық фигуралармен таныстыру, есептеу (топтамаларды үлестіру, сан құрамын зерттеу), сандармен амалдар орындауға үйрету, 1-ге көбейту және 1-ге азайту, сан – санау әрекеті туралы ұғымдарын бекітуге болады.
А.М.Леушина іргетасын қалаған сандық ұғымдардың қалыптастыру тұжырымдамасы 60-70 жылдардан бастап дамудың жаңа сатысына көтерілді. Ғылыми-теориялық және әдістемелік зерттеу мәселелеріне орай әсіресе мектепке дейінгі балалардың кеңістік, уақыт туралы ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады. А.М.Леушинаның ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижелері оның докторлық ғылыми жұмысында баяндалды. Балаларды мектептегі арифметикалық материалдарды меңгеруге даярлау (1961), тақырыбы бойынша ғылыми мақалалар жариялады. Мәселен, «Балабақшада баланы санауға үйрету» (М, 1959, 1961) «Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру (1974) т.б.
«Балабақша тәрбиешілері» еңбегін де А.М.Леушина құрастырған. «Балабақшадағы санауға үйрету сабақтары» (М., 1963, 1965) атты оқу-әдістемелік құралдарды кеңінен қолданды. А.М.Леушина көптеген көрнекі дидактикалық материалдар да жинақтап шығарды.
Достарыңызбен бөлісу: |