165
6. Болмашы есеге (х8) үлкейткен кезде еркін жатқан жасушаларды
табыңыз және көп есеге (х20) үлкейту кезінде оларды зерттеңіз.
7. Зерттелетін объектілердің жасушаларын пішіні бойынша әр түрлі
хромопласттармен суретін салыңыз,
жасуша қабығын, ядроны және
хромопласттарды көрсетіңіз.
8. Өркеннің басына жақын орналасқан канадалық элодеяның
жапырағын жұлып алыңыз.
9. Жапырақты элодея бар сауыттан алынған су тамшысына, төсеніш
шыныға қойыңыз және жабын шынымен жабыңыз.
10. Орталық талшықтың жанында
орналасқан жасушаларды
қараңыз, қозғалатын хлоропласттарды тауып алыңыз.
11. Хлоропласттары бар жасушаның суретін салыңыз және суретте
олардың қозғалыс бағытын көрсетіңіз.
12. Бөлме
температурасының
суында
және
жылы
суда
хлоропласттардың қозғалыс жылдамдығын салыстырыңыз. Этил
спиртін қосқан кезде хлоропласттардың қозғалыс жылдамдығы қалай
өзгерітінін бақылаңыз.
13. Микропрепараттарды жарық көзінің қасына 5 минутқа қойыңыз,
жоғары жарықтылық жағдайында жасушадағы
хлоропласттар қалай
орын ауыстыратынын бақылаңыз.
14. Микропрепараттарды қараңғыда 5 минутқа қалдырыңыз,
жасушада хлоропласттардың орналасуын бақылаңыз (3-сур. қар., түс.
қос.).
15. а) қараңғыда тұрған,б) жарықта
тұрған хлоропласттардың
элодея жасушаларында орналасқан суретін салыңыз;
16. Өсімдік жасушалары құрылымының ерекшеліктері, түрлі
факторлардың әсерінен цитоплазма
қозғалысының жылдамдығына
байланысты әр түрлі өсімдіктер хромопласттарының түрлі пішіндері
туралы қорытынды жасаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: