Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет89/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

159 
Микроскоп құрылғысы. Өсімдіктер анатомиясының жетістіктері 
әрқашан микроскоп кемеленің деңгейіне байланысты болған. Қазіргі 
кезде, электрондық микроскоптың үлкен жетістіктеріне қарамастан, 
жарық микроскобы өсімдіктер анатомиясын зерттеуде кеңінен 
қолданылады. Микроскоп оптикалық бейнені құруға қатысатын 
оптикалық бөліктерден, және оптикалық бөліктерді пайдалануға 
ыңғайлы болу үшін қызмет атқаратын механикалық бөліктерден 
құрылған (1-сур.). 
Оптикалық бөліктер: айна немесе жарық беруші; диафрагмасы бар 
конденсор; 8х, 20х, 40х, 90х есе үлкейтетін объективтер; х7, х 10, х 15 
есе үлкейтетін көздік және т.б.; тубус. 
Механикалық бөліктер: штативтің негізі, ұстайтын мойын
объективтерге арналған тесіктері бар револьвер, заттық үстел; 
макрометриялық бұранда, микрометриялық бұранда. 
Микроскоппен жұмыс жасау ережелері. Жұмыс орнын 
ұйымдастыру. Микроскопты жұмыс үстелде сол жақ иыққа қарсы үстел 
шетінен 7-10 см. қашықтықта, ұстайтын мойнын өзіне қарай бұрып 
орнатады. Оның оң жағында препаратты дайындау, альбомда сурет салу 
және жазулар жазу үшін бос орын қалдырады. 
Револьверлік
диск
Объектив
Қысқыш
Заттық
үстел
Диафрагммасы бар 
конденсор
Жарық беруші
Штативтің 
негізі
Көздік
Тубус
Ұстайтын мойын
Макрометриялық
бұранда
Микрометриялық
бұранда
1-сур. Микроскоп құрылғысы 


160 
Әрбір жұмыс үстелде төсеніш және жабын шынылар, іреуіш инелер, 
кішкентай қысқыш, шыны таяқша, таза су құйылған стақан, шыныларды 
сүртуге арналған майлық, сүзгіш қағаздың тілімдері болуы тиіс. 
Көздіктің және объективтердің оптикалық шыныларын сүрту үшін 
тек қана арнайы фланельді немесе мақта-мата жұмсақ майлықты 
қолдану керек.
Жарықты орнату – өте жауапты сәт. Терезеден түсетін табиғи 
жарықты пайдалану жөн, бірақ тура сәулелер көзге зиян келтіреді. 
Жарықты электр шамдардан баптауға болады, сонымен қатар күзгі 
жарық 
шамдарын 
да 
пайдалануға 
болады. 
Қазіргі 
оқу 
микроскоптарының жиынтықтарына электр желісінен, не кіріктірілген 
аккумулятордан жұмыс істейтін жарық түсіргіш құрылғысы кіреді. 
Егер микроскоп жарық түсіргіш құрылғымен жабдықталмаса, онда 
жарықты айнаның көмегімен келесі жолмен баптайды: 
— микроскопты сол жақ иыққа қарсы қояды; 
— револьверлік дискіні айналдырып, заттық үстелдің тесігі үстінде 
х8 есе үлкейтетін объективті орнатады. Револьвердің бекітілуі тиісті 
шертпек бойынша анықталады. 
— конденсорды тірелгенше көтереді (егер ол микроскоптың 
құрылымымен қарастырылса); 
— конденсордың астындағы диафрагманы толығымен ашады (егер 
ол микроскоптың моделінде орнатылса); 
— жарықтың объективке және көздікке өтуі үшін айнаны 
айналдырады: жарық айқын және барлық көз аясында бірқалыпты 
болуы тиіс; 
— орнатылған жарық сабақтың соңына дейін бұзылмауы тиіс. Егер 
ол кездейсоқ бұзылса, алдын ала болмашы ғана үйкейтетін объективке 
аударып, барлық операциялар дәл сол реттілік бойынша қайталайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет