174
5. Түрі өзгерген өркендер – баданаға, түйнекке, түйнекбадаға, тамыр
сабаққа қандай жалпы функциялар тән?
6. Қойбүлдіргеннің өзгерген өркенінің
иістішөптің өзгерген
өркенінен айырмашылығы неде?
Жұмысқа арналған түсіндірме
Гүлшоғырдың гүл алдындағы маңызды артықшылықтарының бірі
үлкен тозаңдану мүмкіндігі (гүлдердің көп саны және гүлдену кезеңінің
ұзақтығы есебінен). Гүлшоғырлардың негізгі жіктеуі 2.5. бөлімде
қаралды.
Жемістердің түрлі жіктеуі бар (2.5. бөлімді қар.). Ең таралған жіктеу
жеміссерік
(жемісқап)
құрылымының
негізінде
келтірілді.
Жеміссеріктің консистенциясына байланысты
жемістерді құрғақ және
шырынды жемістерге бөледі. Сонымен қатар жемістерді апокарпты
және ценокарпты жемістерге гинецей түріне байланысты (жеміс
жапырақшаларының бірігіп өсу деңгейі бойынша) бөледі. Жеміс бір
жеміс жапырақшасынан немесе
бірігіп өскен бірнеше жеміс
жапырақшасынан түзілуі мүмкін, онда оны
қарапайым (таптама, ірі
бұршақ, сүйекжеміс, қауашақ және т.б.) деп атайды.
Құрамды жемістер
бір гүлдің бірнеше қосыла өспеген жеміс жапырақшаларынан түзіледі
(көпжапырақша, көпсүйекшелі, көпжаңғақша және т.б.).
Жеміс
шоғырылар тұтас гүлшоғырдан түзіледі, бұл ретте жеміс шоғырдың
әрбір жемісі дара гүлден түзіледі (қоға, көкбасшөп, ананас, інжір).
Достарыңызбен бөлісу: