Оқулық ретінде «Білім беруді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет98/120
Дата31.01.2023
өлшемі8,53 Mb.
#64112
түріОқулық
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   120
Байланысты:
0bb643b3eadc5d8ca84637975cb483a4

Жұмысты орындау тәртібі 
1. Жанды және кептірілген материалда өркенді тектің өзгерген 
түрлерін (түйінді пияздың баданасы, гладиолустың түйнекбаданасы, 
өрмелеуші бидайықтың тамыр сабағы, қойбүлдіргеннің және өрмелегіш 
иістішөптің өзгерген өркендері, кладодий мен филлокладийдің 
мысалында) зерттеңіз және талдаңыз. 
2. Ұсынылған түрі өзгерген өркендердің негізін және төбесін, 
бұршақтарды, жапырақтарды және жапырақты тыртықтарды
буындарды, буынаралықтарды, қосалқы тамырды табыңыз.
3. Долана мен бөріқарақаттың тікенектерін қараңыз – олардың 
түбегейлі айырмашылықтарын табыңыз. 
4. Циссустың 
қылқандарын 
мұқият 
зерттеңіз, 
ұсынылған 
метаморфоздардың өркенді және жапырақты тегінің дәлелдерін 
табыңыз. 
Жұмыс нәтижелерін ресімдеу 
1. Альбомға зерттелген түрі өзгерген өркендердің сурет салыңыз. 
Суретте сабақты, жапырақтарды, бұршақтарды, қосалқы тамырларды 
көрсетіңіз. 
2. Өркенді және жапырақты тектің тікенектерінің, қылқандарының 
суретін салыңыз. 
3. Өсімдіктер 
әлемінде 
өркендер 
мен 
жапырақтар 
метаморфоздарының мәні туралы қорытындылар жасаңыз. 
Бақылау сұрақтар 
1. Қандай белгілер келтірілген метаморфоздардың өркенді тегін 
дәлелдейді? 
2. Түрі өзгерген өркен – түйнекке қандай жапырақтың орналасуы 
тән? 
3. Бадананың түйнекбаданадан айырмашылығы неде? 
4. Түрі өзгерген өркен – тікенектер қандай функцияларды 
орындайды? 


174 
5. Түрі өзгерген өркендер – баданаға, түйнекке, түйнекбадаға, тамыр 
сабаққа қандай жалпы функциялар тән? 
6. Қойбүлдіргеннің өзгерген өркенінің иістішөптің өзгерген 
өркенінен айырмашылығы неде? 
Жұмысқа арналған түсіндірме 
Гүлшоғырдың гүл алдындағы маңызды артықшылықтарының бірі 
үлкен тозаңдану мүмкіндігі (гүлдердің көп саны және гүлдену кезеңінің 
ұзақтығы есебінен). Гүлшоғырлардың негізгі жіктеуі 2.5. бөлімде 
қаралды. 
Жемістердің түрлі жіктеуі бар (2.5. бөлімді қар.). Ең таралған жіктеу 
жеміссерік 
(жемісқап) 
құрылымының 
негізінде 
келтірілді. 
Жеміссеріктің консистенциясына байланысты жемістерді құрғақ және 
шырынды жемістерге бөледі. Сонымен қатар жемістерді апокарпты 
және ценокарпты жемістерге гинецей түріне байланысты (жеміс 
жапырақшаларының бірігіп өсу деңгейі бойынша) бөледі. Жеміс бір
жеміс жапырақшасынан немесе бірігіп өскен бірнеше жеміс 
жапырақшасынан түзілуі мүмкін, онда оны қарапайым (таптама, ірі 
бұршақ, сүйекжеміс, қауашақ және т.б.) деп атайды. Құрамды жемістер 
бір гүлдің бірнеше қосыла өспеген жеміс жапырақшаларынан түзіледі 
(көпжапырақша, көпсүйекшелі, көпжаңғақша және т.б.). Жеміс 
шоғырылар тұтас гүлшоғырдан түзіледі, бұл ретте жеміс шоғырдың 
әрбір жемісі дара гүлден түзіледі (қоға, көкбасшөп, ананас, інжір). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   120




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет